Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 18 Қазан (13:10)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылауға арналған актив болып өтті.

Бұлд шара 19 қаңтар күні өтті, оған спорт мектептерінің бсшылары мен олардың орынбасарлары, спорт қауымдастығының өкілдері қатысты.
- Өздеріңіз білесіздер , 10 қаңтар күні Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің халқына кезекті Жолдауын жариялады. Елбасының бұл үндеуі ерекше сипатқа ие. Өйткені, ол Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында Қазақстанды жаңғыртудың жүйелі шараларының нақты бағдарламасын қамтиды, ұлт көшбасшысы республикадағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани жаңғыртуларды одан әрі жаңғыртудың аса ірі бастамашылығын жүйелендіреді, - деп атап өтті дене шынықтыр және спорт басқармасының басшысы Наталья Сухорукова. – Сондықтан да біз Президенттің жолдауының басым бағыттарын талқылап, алда тұрған жылға міндеттерді белгілеуіміз қажет.
Шараға шақырылған «Нұр Отан» партиясы обыстық филиалы Саси кеңесінің мүшесі Жібек Кмалиқызы Камали Елбасының Жолдауындағы негізгі бағыттарын түсінікті, нақты дәлелдермен отырғандардың көзін жеткізе Президенттің белгілеп берген негізгі он бағыты туралы айтып берді.
- Еліміздің Президентінің Жолдауын жүзеге асыра отырып алдымызда тұрған жылда біздің атқаратын жұмыстарымыздың жоспары туралы қысқаша айтып өтейін, - деді өзінің жауапты сөзінде Наталья Сухорукова. – Елбасымыз қазақстан халқына жолдауында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамның саулығын басқару қажеттігін алға қойып отыр. Қазіргі күні біздің негізгі мақсатымыз – бұқаралық спорт арқылы тұрғындарды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, инфрақұрылымдарды және ақпараттыық-насихаттық жұмыстарды жетілдіру болып табылады. 2018 жылы қарағандылық спортшылар жылдың негізгі төрт жарысына – Қысқы Олимпиадаға, Азия және Паразиат ойындарына, Жасөсспірімдердің жазғы Олимпиадалық ойындарына, сол сияқты бірнеше спорт түрінен 15 Чемпионатқа және Әлем Кубоктарына қатысатын болды. Қарағандылықтар барлығы 900-ден астам жарысқа қатысып, күш сынаспақ. Спортшыларымыз қазірдің өзінде Қысқы олимпиадалық ойындарға қатысу үшін алты лицензия жеңіп алды, біздің 28 мың спортымыз басқа да старттарға қатысады, оларда жеңіске жетеді деген сенімдеміз.
- Тұрғындарды бұқаралық спортпен қамту жөнінде Елбасының 2020 жылға дейін тұрғындарды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуын қамтамасыз етудегі тапсырмасын мерзімінен бұрын орындап, біздің өңір республика бойынша алдыңғы қатарға шықты. Биылғы жылы облыста 500 мың адамды қамтыған сегіз мыңнан астам спортық-бұқаралық шара өткізуді ойластырып отырмыз. Қарағандылықтардың арасында «KARAGANDA HALF MARATHON «Арманға жол» марафонының бірінші рет өткізілуі,  «Саған Астана» жаяу жарысы, салалық Спартакиадалар мен веложарыс жарқын оқиғаның бірі болған еді.
- «Рухани жаңғыру» аясындағы бағдарлама салауатты өмір салтын насихаттау және спортшыладың жетістігі арқылы келешек жас ұрпақты қазақстандық отансүйгіштік рухында тәрбиелеуге бағытталған. Біз өткен жылы екі жобаны жүзеге асырдық, оның бірі қарағандылық олимпиадашылар туралы фильм мен кітаптың тұсаукесері болса, биылғы жылғы жаңа «Қарағанды спортының тарихы» телевизиялық хабар соның жалғасы сияқты болмақ. Жетекші спортшылардың облыстың қалалары мен аудандарында шеберлік сыныбын өткізуі және мүмкіндігі шектеулі балаларды спорт арқылы оңалтатын «Иппотерапия» сияқты тағы екі ірі жобамыз бар.
Заманауи, әсем және функционалды спорт құрылғыларынсыз спортты да, оның рекордтарын да елестету мүмкін емес. Тек өткен жылдың өзінде ғана өңірдегі спорт нысандарының саны 55-ке артты. Биылғы жылы тағы 46 нысан салу жоспарлап отырсақ, оның ішінде Абай, Қарқаралы, Жезқазған қалаларындағы, Атасу кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Қарағанды қаласындағы Күрес орталығы және басқа да спорттық 11 нысан бар. Салауаты өмір салтына деген талап пен оның сәнге айналуы бизнесті қалыптастырады және белсенді ете түседі. Оған мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестік тетігі дәлел бола алады. Сондай бір бастаманы жүзеге асыру басталды, енді тағы сондай 15 жобаны бизнеспен әріптестік арқылы жүзеге асыруды қарастырып жатырмыз.
Президенттің Жолдауында ұсынылған елімізді дамытудың басты бағамы өмірдің барлық саласына цифрлы технологияны енгізу болып табылса, ол Қазақстанның жаңа әлемдегі көшбасшылар қатарына енуіне мүмкіндік туғызар еді. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыстың спорт мекемелерінде «Дене шынықтыру мен спорттың мониторингі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізіліп, ол облыстың барлық спорт мектептерінде бірыңғай деректер базасын құруға, спортшылар мен жаттықтырушыларды қаржыландыруда мөлдірлік пен ашықтықты қамтамасыз етуге, спорттың түрлері мен инфрақұрылымды дамыту туралы нақты және толық ақпарат беруге мүмкіндік жасайды, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелін болдырмайды. Бұл жүйені 2018-2019 жылдары екі кезеңмен енгізуді жоспарлап отырмыз.
Барлық жүргізіліп жатқан жұмыстар облыс тұрғындарын сауықтыруға және дені сау, бәсекеге қабілетті жастар тәрбиелеп шығаруға бағытталатын болады.
Сөйтіп, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауы елімізді барлық салалар бойынша жаңғыртуда маңызды ынталандырушы болып табылады және оны жүзеге асыру жөніндегі жұмыста еліміздің барлық азаматтарының белсенді қызмет атқаруын талап етеді. Бұл талаптың барлығымызға қатысты екендігі сөзсіз, - деп атап өтті Наталья Евгеньевна.
Басқарма басшысының сөзін әріптестері – жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебінің директоры Дмитрий Карпов, мүгедектер спорты жөніндегі облыстық мамандандырылған мектептің басшысы Елене Фархутдинова және балалар мен жасөспірімдердің облыстық мамандандырылған кешенді мектебінің басшысы Бауыржан Абылаев және басқалары қолдады.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика