Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 15 Қазан (18:50)
Официально

Язык: Қазақша

Конькимен жүгірушілер федерациясы 2018 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғайтын спортшылардың аты-жөндерін анықтады. Олардың арасында үш қарағандылық бар!

Конькимен жүгіру спорты бойынша ұлттық құраманың жаттықтырушылар құрамы олимпиадалық квотаны мынадай түрде бөлді. Әйелдерден: Екатерина Айдова 500, 1000, 1500 метрлік қашықтыққа жүгіреді. Ерлерден: Роман Креч – 500м, 1000 м (қосалқы), Денис Кузин – 1000 м, 1500 м, Станислав Палкин – 1000 м, 1500 (қосалқы), Федор Мезенцев 1000 м, 1500 м, Артем Крикунов – 500 м қашықтыққа жүгіреді.
Бұлардың арасындағы Екатерина Айдова, Станислав Палкин және Артем Крикунов Қарағанды облысының өкілдері.
Біздің өңірден тағы бір спортшы 2018 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсететіні 100 пайыз кәміл. Ол шаңғышы Сергей Малышев. Шаңғы спортынан Қазақстанның құрама командасына Анна Стоянның кіретін-кірмейтіні жақын күндері белгілі болады. Біздің спортшы қызымыз халықаралық рейтингтік жарыстарға қатысып, онда Олимпиадаға лицензия ұтып алуы мүмкін.

*Екатерина Айдова. Қарағанды қаласында 1991 жылы 30 шілдеде туған. Конькимен жүгіру спорты бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Спорттық нәтижелері:
2008 жыл – жеткіншектер арасындағы Әлем Кубогының жеңімпазы.
2009 жыл – жеткіншектер арасындағы Әлем Кубогының жеңімпазы.
2010 жыл – ХХІ қысқы Олимпиадалық ойындарға Ванкувер қ. (Канада) қатысушы.
2011 жыл – жеткіншектер арасындағы Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері.
2012 жыл – Азия Чемпионы.
2014 жыл – ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарына Сочи қ. (Ресей) қатысушы.
2017 жыл – ХХҮІІІ Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың, Алматы қ. (Қазақстан) екі мәрте қола жүлдегері.

*Станислав Палкин. Қарағанды қаласында 1996 жылы 4 тамызда туған. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Спорттық нәтижелері: ҚР бірнеше мәрте чемпионы.
2011 жыл – ҚР Жасөспірімдердің І-ші қысқы ойындарының Астана қ. жеңімпазы және жүлдегері.
2012 жыл – Жасөспірімдердің Инсбурктегі (Австрия) І-ші қысқы Олимпиадалық ойындарында бесіінші орын.
2014 жыл – Минск қ. (Беларусия) жеткіншектер арасындағы Әлем Кубогында 1000 м қашықтықта бірінші орын, 500 м қашықтықта үшінші орын.
2015 жыл – Колальбо қ. (Италия) жеткіншектер арасындағы Әлем Кубогында: 500 м-де екінші орын, 1000 м-де төртінші орын алды. ) Жеткіншектер арасындағы Әлем Кубогының финалында Варшава қ. (Польша) 500, 1000 м-де екінші орын алды. Жеткіншектер арасындағы Әлем Кубогында Варшава қ. (Польша) 1000 м-де үшінші орынға шықты.
2016 жыл – Жеткіншектер арасындағы Әлем Кубогының финалында (Қытай) – 500 м-де 11 орын. Жеткіншектер арасындағы Әлем Кубогынды (Қытай) 500 м-де сегізінші орын, командалық спринтте бесінші орын алды. Әлем Кубогының кезеңінде Нагано қ, командалық спаринтте алтыншы орын.
2017 жыл – Алматы қ. Бүкіләлемдік қысқы Универсиадада командалық жарыста бесінші орын, 1000 м-де оныншы орын, 2х500 м 12-ші орын алды. Қысқы Азиат ойындарында Саппоро қ. (Жапония) – 1000 м-де сегізінші орын, 500 м-де 12-ші орын, 1500 м-де 13-ші орын алды.

*Крикунов Артем. Қарағанды қаласында 1996 жылы 7 қыркүйекте туған. Конькимен жүгіруден ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Спорттық нәтижелері: ҚР бірнеше мәрте чемпионы.
2014 жыл – Жас жеткіншектер арасындағы Әлем кубогы Закопане қ. (Польша) – 500 м бірінші орын. Студенттер арасындағы Әлем чемпионаты Алматы қ. – 2х500 м бесінші орын.
2015 жыл – Жылдам жүгіру бойынша Әлем чемпионаты Варшава қ. (Польша) – 1000 м тоғызыншы орын. Әлем Кубогының кезеңі Берлин қ. (Германия) – 500 м алтыншы орын, командалық спринтте алтыншы орын. ҚР ҮІ қысқы Универсиадасы Алматы қ. – 2х500 екінші орын, 1000 м төртінші орын.
2016 жыл – Жас жеткіншектер арасында Әлем кубогының Финалы (Қытай) – 500 м сегізінші орын. Жасжеткіншектер арасындағы Әлем чемпионаты  (Қытай) – 500 м алтыншы орын, командалық спринтте бесінші орын. Әлем Кубогының кезеңі Нагано қ. (Жапония) – командалық спринтте алтыншы орын.
2017 жыл – Бүкіләлемдік қысқы Универсиада Алматы қ. – 2х500 м тоғызыншы орын. Қысқы Азия ойындары Саппоро қ. (Жапония) – 500 м 14 орын.

*Сергей Малышев. Риддер қаласында (ШҚО) 1994 жвлв 7 қазанда туған. Шаңғы жарысы бойынша Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Спорттық нәтижелері: бес жасөспірімдер, екі жастар арасындағы және ересектердің Әлем чемпионатына қатысушы.
2012 жыл – Жасөспірімдердің Олимпиадалық ойындары Инсбурк қ. (Австрия) – үшінші орын (10 км, кл/жүріс).
2013 жыл – Бүкіләлемдік қысқы Универсиада Терентино қ. (Италия) – бірінші орын (4х10 км эстафета).
2016 жыл – 23 жасқа дейінгілердің Әлем чемпионаты Рышнов қ. (Румыния) – 20 орын (15 км, кл/жүріс). Әлем Кубогының кезеңі Нове-Место қ. (Чехия) – 14 орын (эст. 4х7,5 км). ҚР Чемпионаты – үшінші орын (10 км жарыс), екінші орын (спринт 1,4 км кл.жүріс), екінші орын (ком. спринт еркін жүріс). Әлем кубогының кезеңі Ла Клозе қ. (Франция) – 15 орын (эст. 4х7,5).
2017 жыл – Бүкіләлемдік қысқы Универсиада Алматы қ. – екінші орын (эст. 4х7,5 км), үшінші орын (жаппай старт 30 км кл/жүріс), алтыншы орын (аралас ком. Спринт), сегізінші орын (пресл. Жарысы 10 км кл/жүріс), 14 орын (10 км кл/жүріс), Қысқы Азия Ойындары Саппоро қ. (Жапония) – алтыншы орын (спр. 1.4 км кл/жүріс), сегізінші орын (10 км кл/жүріс).

*Анна Стоян. Өскемен қаласында 1993 жылы 18 ақпанда туған. Шаңғы жарысы бойынша Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Спорттық нәтижелері: төрт жасөспірімдер және үш жастар Әлем Чемпионатына қатысушы.
2013 жыл – Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға Трентино қ. (Италия) қатысушы.
2015 жыл – Бүкіләлемдік қысқы Универсиада Стребск Плесо (Словакия) – екінші орын (эст. 3х5 км).
2016 жыл – 23 жасқа дейінгілердің Әлем Чемпионаты Рышовне қ. (Румыния) – 25 место (10 км кл/жүріс). Әлем Кубогының кезеңдері: Нове-Место (Чехия), Ла Клюзе (Франция) – 10 орын (эст 4х5). ҚР Чемпионаттары – екінші орын (спринт кл/жүріс), екінші орын (спринт кл/жүріс), екінші орын (5 км жүгіру, кл/жүріс),екінші орын (спринт 1,4 км кл/жүріс).
2017 жыл – Бүкіләлемдік қысқы Универсиада Алматы – үшінші орын (спринт кл/жүріс), 13 орын (5 км жүгіріс кл/жүріс), 20 орын (5 км жарыс еркін жүріс), 20 орын (15 км жаппай старт кл/жүріс), Әлем Чемпионаты Лахти қ. (Финляндия) – 12 орын (эст.4х5 км – mix), 14 орын (ком.спринт кл/жүріс), 45 орын (10 км кл/жүріс), 51 орын (спринт еркін жүріс).

ХХІІІ қысқы Олимпиадалық ойындар 2018 жылдың 9-нан 25 ақпанға дейінгі аралықта Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан өтеді. Бұл Саппоро (1972) және Наганоо (1998) Олимпиадаларынан кейінгі Азия құрылығында өтіп отырған үшінші, Оңтүстік Кореяда өтіп отырған алғашқы қысқы Олимпиада болып саналады. Қаланы таңдау жөніндегі дауыс беру Дурбанда (ОАР) ХОК-тің 123-ші сессиясында 2011 жылдың 6 шілдесінде өткен болатын. Финалдық дауыс беруге немістің Мюнхен және француздың Анси қалалары да қатысқан еді. Қорытындысында бірінші турда белгілі болды, көпшілік дауыс берудің арқасында жеңісті Пхёнчхан жеңіп алды. Пхёнчхан Олимпиадалық ойындар өткізу үшін үшінші рет таласқан болатын. Бұған дейін екі рет жеңіліс тапты. Әуелі Канаданың Ванкуверінен 2010 жылдың қысқы Олимпиадасын өткізуге, одан соң 2018 жылдың Олимпиадалық ойындарын өткізуге Ресейдің Сочи қалаларынан жеңіліп қалды.
2018 жылдың Олимпиадалық ойындарына 95 ұлттық Олимпиадалық комитеттер ұсынған 2 900 спортшы қатысады деп жоспарлануда. Барлығы спорттың 7 түрінен және 15 пәннен 102 кешенді медаль ойналатын болады.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика