Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 16 Шілде (08:30)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағандыдағы «Жастар» СК-де Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровты еске түсіруге арналып, грек-рим, еркін және әйелдер күрестерінен Республикалық турнир өтіп жатыр.

Ол аты аңызға айналған ұшқыш ерлігінің 75 жылдығына (1942 жылдың 19 желтоқсаны) арналып отыр.

Қарағанды облысның дене шынықтыру және спорт басқармасы турнирдің жоғары деңгейде өтуі үшін ауқымды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Біріншіліктің өткізілуімен байланысты негізгі жұмыстар 11 желтоқсан күні басталып кетті. Жарыс басталар алдында Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері, аты аңызға айналған жерлесіміздің немере бауыры, отставкадағы полковник Әукен Сәрсенұлы Әбдіров, спорт қайраткерлері Ұлы Отан соғысы Батырының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Бұдан соң «Жастар» СК-да турнирдің ашылу салтанаты болып өтті. Біріншілікке қатысушылар алдында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Наталья Сухорукова, Әукен Әбдіров, атақты спортшы және белгілі спорт қайраткері Дәулет Тұрлыханов, құрметті қонақтар құттықтау сөз сөйледі. Батыр-ұшқышты бір минут үнсіз тұрып, еске алды.
- Мен бір кезде бұл турнирге Нұркеннің анасымен бірге келуші едім, - деді ішкі істер органдарында 30 жыл қызмет атқарған, өзінің қызметінің кейінгі жылдарында Қарағанды қаласындағы Киров аудандық ІІБ-ін басқарған Әукен Әбдіров. – Бір кездері, әсіресе КСРО құлаған жылдардағы қиындықтарға қарамастан, бұл біріншілік өтіп келді, әлі де өте береді. Сонымен қоса турнирдің қазақстандық палуандар үшін маңызы зор. Мәселен, биылғы жылы Азия Чемпионатына қатысатын еліміздің құрама командасына іріктеу өтеді. Бұл турнир мен үшін және менің отбасым үшін де аса маңызды.
Нұркен Әбдіров 1919 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы №5 ауылда дүниеге келген. Қарағанды аэроклубын бітірген 1939 жылы әскер қатарына шақырылады. 1941 жылы К.Е.Ворошилов атындағы Бірінші Чкалов әскери-авиация мектебін (қазір И.С.Полбин атындағы ұшқыштардың Орынбор жоғары әскери-авиация училищесі) бітіріп шығады. Бұдан соң оны бірден майданға, Кеңес Одағының 11 батырын тәрбиелеп шығарған 267 авиа дивизияның 808 шабуылдаушы полкына жібереді. 1942 жылдың 19 желтоқсаны күні ол өзінің атқыш-радисі А.Комиссаровпен бірге 17-ші жауынгерлік ұшуға шығып, мәңгі өлмес ерлік жасады.
СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1943 жылғы 31 наурыздағы Жарлығымен ОТАН ҮШІН ӨЗІНІҢ ЖАНЫН ПИДА ЕТКЕНІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕ БАТЫРЛЫҚ КӨРСЕТКЕНІ ҮШІН сержант Нұркен Әбдіровке қаза тапқан соң Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ол Ростов облысының Боков ауданындағы Коньков селосында жерленген.
Қарағанды қаласында 1958 жылы Нұркен Әбдіровке ескерткіш орнатылды. 1943 жылы қала көшелерінің біріне оның есімі берілді. Ұшқыштың Алматыда ескерткіші бар. Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтің құрметіне ҚР Қорғаныс министрлігінің Қарағандыда орналасқан авиабазасына 2002 жылы оның аты берілді. Айтпақшы, соғыс жылдарында Қарағанды қаласы тұрғындарынан жиналған  қаражатқа «Нұркен Әбдіров» ұшағы жасалып, ол майданда соғысқа қатысып жүрген авиация бөліміне берілген болатын.
Батырдың құрметіне турнир алғаш рет 1961 жылы өткізілді. Оны Қарағанды облысында классикалық күрес пен еркін күрестің негізін қалаушылар, ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушылары Ш.З.Харисов пен Ф.Г.Премильский ұйымдастырған еді. Әр жылдары ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері М.Мамыров, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері И.Байрамуков біріншіліктің жеңімпаздары болды. 2005 жылы турнирға бірінші рет әйелдер қатысты. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Пекинде өткен ХХІХ Олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері Елена Шалыгина бірінші жарыстардың жеңімпазы болды.
2017 жылғы турнир Қазақстан құрама командасына іріктеуші болады. Осыған байланысты күрестің барлық үш түрі бойынша бүкіл республикадан мықты палуандар жиналады деп күтілуде. Сонымен қоса бірінші орын алғандарға ҚР Спорт шебері, екінші орыннан төртінші орынға дейін алғандарға ҚР спорт шеберіне кандидат атағы беріледі.
Нұркен Әбдіровты еске түсіруге арналып Қарағандыда өткен тұрнирмен байланысты тағы бір маңызды оқиға 12 желтоқсан күні Ә.Молдағұлова атындағы спортқа дарынды балалардың облыстық мектеп-интернатында болып өтті. Онда біріншіліктің құрметті қонағы, грек-рим күресінен аңызға айналған қазақстандық палуан және белгілі спорт қайраткері Дәулет Болатұлы Тұрлыхановпен оқу орнында тәрбиеленуші жас спортшылармен кездесті. Ол КСРО Еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 1989 жылғы әлем чемпионы және 1993 жылғы әлемнің вице-чемпионы, 1988 жылғы Европа және 1995 жылғы Азия чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс (1988 ж.) және қола (1992 ж.) жүлдегері. 1996 жылғы Олимпиадада төртінші болды. КСРО-ның сегіз мәрте, Әлем кубогының екі мәрте чемпионы, КСРО халықтары спартакиадасының (1991 ж.), ХІІ Азия ойындарының (1994 ж.) жеңімпазы. Педагогика ғылымдарының кандидаты, Қауіпсіздік, қорғаныс және құқық тәртібі мәселелері академиясының академигі. Қазір UWW – Azia президенті, Қазақстан Республикасы Грек-рим күресі федерациясының вице-президенті.
Мектеп-интернат директоры Ерден Халилин құрметті қонаққа оқу орнын аралатып көрсетті. Серік Сәпиев, Дмитрий Карпов, Серік Елеуовтердің осы спорт мектебінің тәрбиеленушісі екендігін естіген Дәулет Тұрлыханов қатты таң қалды. Дегенмен, даңқты палуанның мұнда келудегі басты мақсаты жас спортшылармен әңгімелесу болатын. Дәулет Тұрлыханов олардың сұрақтарына жауап берді, ұлдар мен қыздарға кеңестер берді, өзінің тәжірибесімен бөлісті. Мұндай пайдалы және жігер беретін кеездесудің болашақ чемпиондардың есінде қалары сөзсіз.
 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика