Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 24 Қаңтар (13:50)
Официально

Язык: Қазақша

Туған қаланың тұғырлы азаматы …

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Рухани жаңғыру» Бағдарламасын, оның ішінде «Тәрбие және білім» қосымша бағдарламасының «Саналы азамат» Базалық бағытын жүзеге асыру аясында Абай ауданында «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің қатысуымен форум» жобасын жүзеге асырды. Оның ең басты мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, спортты бұқараландыру, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру мұратына жеткізу болып табылады.
Форум 9 желтоқсан күні өтті. Ол Серік Сәпиевтің өзі оқыған №10 гимназияда болуымен басталды, онда оқу орнының тәрбиеленушілері әскери-патриоттық клубтың жемісті жұмысы туралы әңгімелеп берді, одан соң 3 «В» сыныбының оқушысы Злата Зиновьева Олимпиада чемпионына, өздері мақтан ететін жерлестері туралы республикалық конкурста диплом алған шығармасын оқып берді. Ал, оның сыныптасы, айта кету керек, ол аудандық біріншіліктің жеңімпазы, киокушинкай карате бойынша облыстық чемпионаттың төрт мәрте жүлдегері Артем Акопян «Уақыт жолағы» жобасының тұсауын кесті. Бұл жоба атақты спортшының қалыптасу тарихымен тығыз байланысты болатын. Бұдан соң Серік Сәпиев жоғары сынып оқушыларына дене шынықтиыру сабағын өткізді. Бой жазу кезінде ол өзінің әлі де тамаша спорттық қалыпта екендігін көрсетті.
Гимназия педагогтары қазақстандықтар мақтан ететін адамдармен мұндай кездесудің өте маңызды және пайдалы болатындығы туралы пікірді бірауыздан мақұлдады. Өйткені, өздерінің жерлестері, қарапайым кенші отбасынан шыққан, өзінің еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында осындай биіктерге қол жеткізген Серік Сәпиевке қарап, онымен жылы қарым-қатынаста әңгіме-дүкен құрған балалардың бойында бос жүріп, көңіл көтеру емес, алға қойған міндетіне жету мақсаты пайда болатындығы сөзсіз.
Гимназияға барып шыққан соң Сәпиев өзінің туған қаласында салынып жатқан хауыздың құрылысын көруге бет бұрды. Бұл нысан биылғы 25 желтоқсанда пайдалануға берілуі тиіс. Абайда 2018 жылы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталады.
Серік Сәпиев құрылыс нысанын көріп болған соң өзі жаттыққан Абайдың бабалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне қайтадан келіп, тәлімгерлерімен кездесті, оларға алғыстарын жаудырды, жас боксшылармен шеберлік сыныбын өткізді. Бұл шараның соңында көрермендер мен оған қатысушыларға атақты боксшымен жаттығудың қатты ұнағаны сөзсіз.
- Мұндай кездесу және шеберлік сыныптары жасөспірім спортшылар үшін өте қажет, - дейді спорт мектебінің негізін және Абай ауданындағы бокстың негізін қалаушы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ауданның Құрметті азаматы Андрей Богданович Райш. – Серік Сәпиев сияқты спорт жұлдыздарымен қарым-қатынас балаларға жаңа серпін береді, олардың бойында егер талпынса, кез келген міндетті шешуге болатындығына көздері жетіп, жеңіске деген, өзіне деген сенім пайда болады. Абай ауданы спорт мектебінің тәрбиеленушілері, кеншілер тұратын біздің шағын қаламызды менің шәкіртім сияқты әлемге танытқан Олимпиада чемпионы, Парламенттің депутаты болсын деп тілеймін.
Форум Абай көпсалалы колледжінде аяқталды. Онда оқу орнын аралап шыққан соң Серіп Сәпиев пен атақты боксшы Серік Нұрқазов студенттермен кездесті. Олимпиада чемпионы, мәжілісмен жастарға өзінің табысқа жету жолы туралы әңгімелей келіп, барлық сұрақтарға жауап қайтарды, өзінің кеңесін берді, тамаша тілектер айтты.
Бұл маңызды шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бастамасына негізделіп, тұрғындар арасында Елбасымыз ұсынған қазақстандықтардың рухани жаңғыруын насихаттауға ықпал ететін Форум мақсатымен толықтай үндесті. Өйткені, оның негізінде ішкі сана-сезімі бай және өзгеруге, жаңа уақыт желіне ілесуге дайын, сонымен қоса тарихи және мәдени құндылықтарға негізделген, қуатты, жауапкершілікті және бәсекеге қабілетті адам құндылығының басымдылығы жатыр.
Кез келген мемлекеттің табысты дамуы халықтың, олардың жетіле түсуге деген тілегіне, жаңа жетістіктерге деген ұмтылысына тікелей қатысты. Бұл барлық қазақстандықтарға, әсіресе келешекте еліміздің болашағын қолына алатын жас ұрпақ өкілдеріне тікелей байланысты, бұл туралы Форумда Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев мектепте оқитын жас спортшылар алдында айтып берді.


Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика