Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 12 Желтоқсан (18:11)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағандыдағы «Жастар» спорт кешенінде Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Лепеханы еске алуға арналып, 2004-2005 жылдары туған жасөспірімдер арасында Ү Республикалық турнир өткізілді

Владимир иванович Лепеха классикалық және еркін күрестен КСРО спорт шебері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Ол 1967 жылдан 1984 жылға дейін олимпиадалық резервтің облыстық балалар мен жасөсіпірімдер мектебінде директордың орынбасары болды. 1985 – 2005 жылдар аралығында облыстық Ә.Молдағұлова атындағы мамандандырылған спортқа дарынды мектеп-интернатында дәл сондай қызмет атқарды. Владимир Лепеха Қазақстан мен Қарағанды облысының спортының дамуыне ерекше зор үлес қосты, атақты спортшылардың талай шоғырын тәрбиелеп шығарды. Мектеп-интернатта қызмет атқарған жылдарында халықаралық дәрежедегі талай шеберлер даярлады. Солардың арасында классикалық күрестен еңбек сіңірген спорт шебері, 1986 жылғы Еуропа чемпионы, 1985, 1987 жылдардағы Әлем чемпионы – Игорь Ростороцкий, велоспорттан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1988 жылғы Еуропа Кубогының жеңімпазы, 1989 жылғы Әлем Біріншілігінің қола жүлдегері – Эдуард Грюнер, бокстан еңбек сіңірген спорт шебері, 1994 жылғы Әлем Кубогының иегері, 1992 жылғы Олимпиадалық ойындарға қатысушы – Аркадий Топаев, бокстан еңбек сіңірген спорт шебері, 1998 жылғы жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионы, 2004 жылғы ХХҮІІІ Олимпиадалық ойындардың (Афина) қола жұлдегері – Серік Елеуов, ҚР чемпионы, Азия Чемпионатының қола жүлдегері, Қарағанды облысы грек-рим күресін, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті – Абай Удешов, ҚР Спорт шебері, Азия чемпионы, ҚР чемпионы, ҚР Кубогының иегері – Ерлан Оскеев, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР чемпионы, Азия чемпионы, кадеттер арасындағы Әлем чемпионы – Нұржан Катаев, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы,ҚР бірнеше мәрте чемпионы Андрей Самохин бар.
- Владимир Лепеха тамаша адым, даңқты жаттықтырушы болды, - деп атап өтті Республикалық турнирдің бас төрешісі Ксения Дробина. – Мұндай беделді жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен жүзден аса бала келді. Өйткені, оның жеңімпаздары мен жүлдегерлері спорт щеберлігіне кандидат атағына ие болады. Бұл балаларды тіпті ынталандыра түсуде.
Соның дәлелі – Қарағанды облысы палуандарының Республикалық турнирде табысты өнер көрсетуі. Олар үш алтын, бес күміс және сегіз қола медальға ие болды! Егер Владимир Лепеха ортамызда болғанда оларды мақтан тұтатын еді...


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика