Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 21 Қараша (05:02)
Официально

Язык: Қазақша

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫ ТАЛҚЫЛАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН ШЫҒАРУДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ КҮН

10 наурыз күні Достық үйінде конституциялық реформаны талқылау қорытындыларын шығаруға арналған республикалық бірыңғай күнінің аясында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері, ғылыми-сараптамалық топ, Қоғамдық келісім кеңесі мен Аналар кеңесінің мүшелері, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері мен қаламыздың жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.
Кездесуді облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Вилен Молотов-Лучанский ашты. Өз сөзінде ол бұл кездесудің маңыздылығы қоғам қабылдаған заңдылықтарыдың өзгеруінің  уақыт ұсынып отырған үлгісін талқылауға бағытталғандығын атап өтті.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті философия және психология кафедрасының деканы, философия ғылымының докторы Байжол Кәріпбаев өз баяндамасында келесі мәселені көтерді: «Үкіметтің енді орталықтандырылған саясаттан алшақтауы, Елбасының билігіне ешбір күрделі өзгеріс енгізбейді. Керісінше, билік көздерінің елдегі болып жатқан жағдайға жауапкершілігі арта түседі. Сондықтан да, менің ойымша, конституциялық бірегейліктің дәл осындай бағытының арқасында, біздің қоғам елде орын алған мәселелерден шетте қалмауына мүмкіндік алып отыр» - деді.
Өз кезегінде Қаазқстан халқы Ассамблеясы және тарихы кафедрасының меңгерушісі Жамбыл Жұмабеков Елбасының конституциялық реформа туралы үндеуі азаматтық қоғамның жауапкершілігін арттырудағы негізгі бағыты екендігін атап өтті.
- Қазақстан Республикасы Президентінің ұсыныстары елдегі саяси жүйенің демократизациялану жолындағы үлкен қадам екендігін айтып, Елбасының мұндай қадамға баруы азаматтардың болашағы үшін мемлекеттің нығаюына септігін тигізеді, - деді Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті ҚХА кафедрасының аға оқытушысы, Жарқын Түсіпбеков.
Іс-шара соңында конситуционалдық реформаны жүзеге асырудағы Елбасының саясатын бір жақты қолдау туралы шешім қабылданды.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдықкелісім» КММ баспасөз қызметі


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика