Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 24 Қараша (15:33)
Официально

Язык: Қазақша

2015 жылдың қазан айының 14-20 күндері аралығында Қызылорда облысында...

2015 жылдың қазан айының 14-20 күндері аралығында Қызылорда облысында Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған ұлттық спорт түрлерінен IV республикалық фестивальі өтті.
    Спорттың 13 түрін қамтитын бұл бәсекеге Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 2000-ға жуық спортшы қатысты.
    Фестивальдің мақсаты – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру, елімізде ұлттық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық спортқа деген қызығушылықты арттырып, жастарды отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу, халықтар арасында достық пен татулықты нығайту және ұлттық спорт түрлерін дамытудағы ең мықты өңірді анықтау.
     Жарыс қорытындысына келетін болсақ, жалпы командалық есепте 227 ұпаймен Қызылорда облысының командасы – бірінші, 200,5 ұпаймен Оңтүстік Қазақстан облысы – екінші, ал 177,5 ұпаймен Жамбыл облысы үшінші орынға ие болды.
     Қарағанды облысы 120 ұпаймен 9-шы орынға тұрақтады.
Команда бойынша Қарағанды облысы:
Көкпардан-13 орын
Аударыспақ – 3 орын
Қыз қуудан – 8 орын
Саяттан – 3 орын
Тенге алудан 4 орын
Құнан бәйге - 8 орын
Аламан бәйге -14 орын
Топ бәйге - 10 орын
Жамбы ату - 12 орын
    Облыс спортшылары 2 медальға ие болды:
Тайжанов Жанболат –I орын (Аударыспақ) Нұра ауданы 
Абдразаков Мурат – III орын (Саят) Шет ауданы


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика