Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 24 Қараша (15:29)
Официально

Язык: Қазақша

Астанадағы жолдастық кездесу

Астана қаласы Шахмат Федерациясының бастамасы және шақыруы бойынша Қарағандының және Қазақстан астанасының ардагерлері арасында жолдастық кездесу өтті. Турнирдің ашылуына мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев қатысты.
Ойыншылардың орта жасы 70-78 жасты құрады, әрбір командада 11 спортшыдан болды. Әр шахматшы 40 минуттқа созылған екі ойыннан өткізді. «Соғыс балалары» командасындағы Т.М.Ақашев, А.Молдағалиев, Т.Оразбеков, А.Жанғожин, сондай-ақ Астана ардагерлері командасынан Б.Бейсенбай, Г.Шалагин, С.Жәнібеков жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Жолдастық кездесу тең нәтижемен аяқталды.
Дәстүр бойынша «Соғыс балалары» ұжымы шахмат турнирі аяқталғаннан кейін концерт берді. Бұл осы ардагер-спортшылар ұйымының соңғы үш жылдағы 38-ші кездесуі.

Қарағанды облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі
тел.: 412275, 507400, e-mail: press.sport@mail.ru
www.karsport.kz


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика