Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 24 Қараша (15:30)
Официально

Язык: Қазақша

"САҒАН, АСТАНА!"

2015 жылғы 4 шілдеде Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының арасында Астана қаласының 17-жылдығына арналған «Саған, Астана!» III эстафетасы өтті.
«Саған, Астана!» III эстафетасы дәстүрлі түрде екіге бөлініп өткізіледі: біріншісі – бұқаралық, Тәуелсіздік алаңынан «Шахтер» стадионына дейін (1,4 км) және екіншісі – облыстың қалалары мен аудандары арасындағы Қарағанды-Теміртау бағыты бойынша жеңіл атлетикалық эстафета (узақтығы 15,5 км).
Астананың туған күніне және эстафетаның ашылуына арналған мерекелік митингке Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамед Әбдібеков, Астана қаласының құрылысына қатысқан «Караганда ГИИЗ и К» ЖШС бас директоры Виктор Попов, Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров, олипиада жүлдегері, онсайысшы Дмитрий Карпов қатысты.
Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамед Әбдібеков жарысты бастап берді. Бірінші кезең «Шахтер» стадионында мәреге жетті, ол жерде қатысушыларға сертификаттар тапсырылып, артынша «Бауырсақ-шоу» және «Қымыз-шоу» іс-шаралары өткізілді.
Узақтығы 15,5 км екінші кезеңге облыстың қалалары мен аудандарынан 18 команда қатысты, олардың әрқайсының сапында кәсби спортшы мен 17-жасар Астананың құрдасы болды. 16 бөлікке бөлінген бұл кезең Қарағанды-Теміртау тасжолында өтті.
Эстафета Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығы ғимаратының жанында аяқталды, сол жерде жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтті.
Қалалар арасында бірінші орынды басым басымдықпен Қарағанды қаласы жеңіп алды, аудандық командалар арасындағы жеңімпаз – Абай ауданының құрамасы болды. жеңімпаз командалар мен қатысушыларға бағалы естелік силықтар тапсырылды.

Бұқаралық жүгіру туралы ақпараты.
Мерекелік жаппай жүгіруге облыстық және қалалық әкімдіктердің, мәслихаттардың, Қазақстан халықтары ассамблеясының, діни ұйымдардың өкілдері, мектептердің, колледждердің оқушылары, студенттер, мемлекеттік қызметшілер, азаматтық қызметшілер, еңбекшілер, ардагерлер, арбаға таңылған мүгедектер қатысты.
Жарыстар аралас өтті, бірінші велосипедшілер, одан кейін арбаға таңылған мүгедектер, сосын жаяу жүгірушілер жіберілді.

Эстафета туралы ақпарат.
Эстафетаға Қарағанды облысы қалалары мен аудандарынан 18 команда қатысты. Команданың құрамы 18 адам: 8 ер және 7 әйел, 1 қатысушы 1998 жылы туылған Астана қаласының құрдасы, дәрігер, аудан өкілі.
Жеңіл атлетикалық эстафета 2 кезеңнің бастауы – «Встреча» кафесінен (Қарағанды-Теміртау тасжолының бойындағы бұрынғы МАИ бекеті), мәресі – Теміртау қаласындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтің тарихи-мәдени орталығы.

Жарыстарды жалпы басқару мен ұйымдастыру Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы жүзеге асырды.

Қарағанды облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі
тел.: 412275, 507400, e-mail: press.sport@mail.ru
www.karsport.kz
 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика