Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 24 Қараша (15:33)
Официально

Язык: Қазақша

2 шілде – Халықаралық спорт журналистері күні!

2 шілде – Халықаралық спорт журналистері күні!
Бүгін, 2015 жылғы 2 шілдеде Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы спорттық журналистика саласында жұмыс істейтін БАҚ қайраткерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Спорттық тақырыптарда жазатын журналистермен басқарма басшысы Наталья сухорукова кездесті. Кездесуге шақырылған БАҚ өкілдерімен әңгімелесу кезінде спорт тақырыбындағы жарияланымдарға қатысты басты мәселелер қозғалды. Журналистер БАҚ қызметкерлері арасындағы спартакиаданы өткізу идеясын қолдап, оны әріптестерін облыстың спорт өміріне тарту мүмкіндігі ретінде қарастырды, сондай-ақ осындай жарыстардың ұйыстырушы рөл атқаратындығын атап өтті.
Спорт тақырыбына жазатын қарт журналист Семен Неверов спорт туралы мамандандырылған басылым шығару жайындағы өз ойын еске салды.
Наталья Сухорукова: – Спорттық журналистика – арнайы білім мен материалдарды дайындауда тындырымдылықты, дарындылық пен адалдықты талап ететін ерекше жанр. Сіздердің жұмыстарыңыздың спорт саласы үшін ғана емес, жалпы қоғамның дамуына да үлесі зор. Сіздерсіз біздің кез келген жұмыс маңызы мен мәнін жояды, – деп атап өтті.
Кездесу соңында басқарма басшысы мен қызметкерлері шақырылғандарға алғыс хаттар мен Қарағанды спорты туралы естелік фотоальбомдар табыс етті.
Қарағанды облысының спортын насихаттау ісіндегі ерекше үлестері төмендегі журналистер аталып өтті:
1. Семен Неверов, «Проспорт-Казахстан» газеті
2. Светлана Келлер, «Наша ярмарка» газеті
3. Әлия Сыздықова, ХАБАР
4. Дамир Сатаев, Вести.КЗ
5. Валентина Елизарова, Қазинформ
6. Виталий Несипбаев, «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің шеф-редакторы
7. Ботабек Тілегенов, «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының журналисі
8. Александр Крылов, «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының журналисі
9. Айгерім Бухтаева, «5 арна» телеарнасының журналисі
10. Василий Савкин, ХАБАР операторы


Қарағанды облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі
тел.: 412275, 507400, e-mail: press.sport@mail.ru
www.karsport.kz
 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика