Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 24 Қараша (15:32)
Официально

Язык: Қазақша

жүзуден шеберлік сыныбы

2015 жылдың 26 маусымында Облыстық жүзу спорт мектебінің жүзу бассейнінде жүзуден шеберлік сыныбы өткізілді. Ашық жаттығуды Оқушылардың Бүкілодақтық Спартакиадасының чемпионы (Ленинград қаласы, 1972 жыл), КСРО құрамасының мүшесі, КСРО спорт шебері Виктор Михайлович Поврезнюк өткізді.
Шеберлік сыныбын өткізуге ОЖСМ оқушылары, жүзуден ҚР жасөспірімдер ұлттық құрамасының мүшелері: СШК Арсеньева Елизавета, Орешкина Надежда, Дашкин Данил, Карапов Амир, Таловский Вадим,  Бирих  Данил, Гальва Даниэль қатысты.

Мектеп жанындағы лагерьлердің балалары жас чемпиондардың қалай жүзетінін көріп қана қоймай, өздері де суда еркін қимылдауға жаттығып көрді. Спортшылар мен жаттықтырушылар жүзуге үйрету үшін қарапайым жаттығуларды көрсетіп, судағы қауіпсіздік бойынша кеңестер берді.

Жүзу – адам ағзасының үйлесімді дамуы мен жақсаруына, қозғалыс функцияларының және күнделікті өмірде қажетті бірқатар қимылдардың күшейуіне ықпал ететін спорт түрлерінің бірі. Анық көрініс беретін сауықтыру бағытынан бөлек, жүзудің жалпы өмірде де қажеттілігі мол.
Жүзу дене тәрбиесінің маңызды құралы болып табылады. Жүзумен айналысу тұрақты гигиеналық дағдыларды ұялатуға, жүйке жүйесін нығайтуға, бұлшық еттер мен тыныс алу органдарын дамытуға ықпал етеді.
Республикада жүзе білмеу салдарынан жыл сайын балалардың қаза табу фактілері орын алады. Көптеген балалар әдетте жүзудің арнайы дағдыларын игеруді айтпағанда, өздерін суда ұстай да білмейді.
Бұл жоба төменгі мектеп жасындағы оқушыларды жүзуге жаппай оқытуға бағытталған.

Қарағанды облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі
тел.: 412275, 507400, e-mail: press.sport@mail.ru
www.karsport.kz
 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика