Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 02 Сәуір (03:50)
Официально

Язык: Қазақша

20 Ақпан 2012 - Облыс әкімі «Шахтер» клубының ойыншыларын қабылдады

20 ақпанда премьер-лига клубтарының арасындағы футболдан Қазақстанның XXI чемпионаты қарсаңында облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов қарағандылық «Шахтер» клубының ойыншыларын қабылдап, жаңа маусымдағы команданың алдында тұрған міндеттерді талқылады.
         Биылғы жылы чемпионат 10 наурызда басталмақшы. Ал, 6 наурызда«Шахтер» өзінің Қазақстан Суперкубогындағы алғашқы ойынын шымкенттік «Ордабасы» командасымен өткізеді.
- Бұл кездесу сіздер үшін жемісті болып, одан кейінгі ойындарыңыздағы жеңістерге жол бастайды деп сенемін. Оның үстіне сіздер УЕФА чемпиондар Лигасында өнер көрсететін боласыздар, - деді облыс әкімі.
Өткен маусымда клубтың тарихында тұңғыш рет қарағандылық «Шахтер» командасы премьер-лига клубтарының арасындағы футболдан Қазақстанның XX чемпионатында жеңімпаз атанған болатын.
Ал, алдағы маусымға келер болсақ, қазір қаржыландыру мәселесі шешіліп жатыр. Шығындардың бір бөлігі облыстық бюджеттен болса, қалған бөлігін «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы мен «ENRC-Көмек» өз мойнына алмақшы. 2012 жылға арналған өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға сәйкес олар жалпы көлемі 477 млн. теңгедей қаражат бөлетін болады.
Жаңа маусымға дайындық шеңберінде команда Түркияда үш оқу-жаттығу ойындарын өткізіп қайтты. Он бақылау матчында «Шахтер» жеті рет жеңіске жетіп, екі мәрте ойын тең аяқталды. Бұл біздің командамыздың бабында екендігін айқын аңғартады.
«Шахтердың» құрамы білікті ойыншылармен де толыға түсті. Дегенмен оның чемпиондық негізгі құрамы сол күйінде қалғандығын да айта кеткен жөн.
Жаңа маусымдағы жоспарлары туралы, оның қандай құрамда ойнайтындықтары жөнінде футбол клубының атқарушы директоры Ерден Халилин, бас бапкер Виктор Кумыков және команда капитаны Андрей Финонченколар айтып берді.
- Биылғы маусымда алдарыңызда чемпиондық атақты сақтап қалу міндеті тұрғандығын өздеріңіз де түсініп отырсыздар. Бұл - өте маңызды міндет. Чемпиондық атақты сақтап қалу арқылы сіздер өткен жылғы жеңістің кездейсоқтық емес, ұзақ уақыт бойғы төккен тер мен еселі еңбектің заңды нәтижесі екендігін дәлелдейсіздер, - деді кездесу соңында Әбілғазы Құсайынов.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика