Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 02 Сәуір (03:45)
Официально

Язык: Қазақша

«Шахтер» клубы Қазақстан Республикасы Чемпионатының алтын медалін жеңіп алды

2 қарашада Кеншілер Мәдениет сарайында футболдан Қазақстан Республикасы ХХ Чемпионатының алтын медалін жеңіп алған қарағандылық «Шахтер» командасы мүшелерінің құрметіне салтанатты жиын болып өтті.



 

Жеңімпаздарды құттықтауға спорт ардагерлері, спрт мектептерінің басшылары, жас спортшылар, жанкүйерлер келді.
- Бүгін – бізде үлкен спорт мерекесі. Сүйікті командамыз жарты ғасырлық тарихында тұңғыш рет футболдан алтын жүлдені жеңіп алды. Бұл – баршамызға ортақ қуаныш, тамаша жетістік. Біздің жеңісіміз -Отанымыздың футбол тарихында ерекше есте қалатын оқиғалардың бірі. Себебі, «Шахтер» алтын жүлдені Тәуелсіздігіміз мерейтойы қарсаңында және Қазақстан футболының 20-шы чемпионатында жеңіп алып отыр, - деді облыс әкімі Серік Ахметов құттықтау сөзінде.
«Шахтердің» бұл жетістігі Мемлекет басшысының тапсырмасымен өңірімізде спорт түрлерін, оның ішінде осы футболды дамытуға орай жүргізіліп жатқан жұмыстардың заңды нәтижесі екендігіне айрықша тоқталды.
Аймақ басшысы бір маусымда жеңіске деген құлшынысы зор команда топтастыра білген бас бапкер Виктор Кумыковтың да еңбегінің өте зор екендігін баса айтты. Сондай-ақ осындай табысқа жетудің бірден-бір себепкері біздің футболшыларымыздың да төккен тер, еткен еңбегі қандай мақтауға ла лайықты. Олар Қазақстан чемпионатында ғана емес, УЕФА Лигасында да тамаша ойын өрнегін көрсетіп, словениялық «Копер» мен ирландиялық «Сент-Патрикс Атлетик» командаларын қапыда қалдырып, абыройымызды асырды. Ал осы маусымға дейін біздің командамыз үш мәрте қола жүлдегер атанған болатын. Осындай шеберліктері мен табандылықтарының арқасында «Шахтер» қарағандылық футболдың еліміздегі ең бір мықты мектептердің бірі екендігін дәлелдеді.
Облыс әкімі жакүйерлер қауымына да шынайы алғысын білдірді.
- Баршамыз біздің клубтың жеңімпаз болғанын тіледік. Осы арманымыз бүгін орындалып отыр. Бұл жерде сіздердің қосқан үлестеріңіз өте зор. Шеберлік өз алдына, дегенмен жанкүйерлердің қызу қолдауы біздің жігіттерге рух беріп, намыстарын қайрап, жігерін жани түскені анық.
Осыдан кейін Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Сейілда Байшақов пен облыс әкімі Серік Ахметов чемпиондарды марапаттады.
Қазақстан футбол федерациясының грамоталарының, біріншіліктің алтын медалінің және естелік сыйлықтардың иегерлері:
- Александр Мокин –«Шахтер» мен Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы;
- Александр Григоренко – қақпашы, «Шахтердің» вице-капитаны;
- Никола Василевич – қорғаушы;
- Алдин Джидич – қорғаушы, «Шахтердің» вице-капитаны;
- Андрей Порываев – қорғаушы;
- Евгений Тарасов – қорғаушы;
- Қайрат Отабаев – қорғаушы, Қазақстанның екі дүркін чемпионы;
- Александр Киров – қорғаушы, Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы;
- Иван Шевченко – қорғаушы;
- Мақсат Байжанов – қорғаушы, Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы;
- Асхат Борантаев - жартылай қорғаушы;
- Вадим Боровский - жартылай қорғаушы;
- Гедиминас Вичюс - жартылай қорғаушы, Литваның ұлттық құрамасының ойыншысы;
- Жамбыл Көкеев – жартылай қорғаушы, Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы, Қазақстан футболының тарихында Англияның Уэмбли стадионында өткен ойында тұңғыш рет гол соққан қазақстандық футболшы;
- Ильнур Мангуткин – жартылай қорғаушы;
- Ұлан Қонысбаев – жартылай қорғаушы, Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы;
- Душан Петрониевич – жартылай қорғаушы, Сербияның ұлттық құрамасының ойыншысы;
- Сергей Хижниченко – шабуылдаушы, Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы;
- Виорел Фрунза – шабуылдаушы, Молдавия ұлттық құрамасының капитаны;
- Серік Досманбетов – шабуылдаушы;
- Виктор Кумыков – бас бапкер;
- Роман Узденов - бапкер;
- Евгений Свешников - бапкер;
- Олег Корниенко – бапкер;
- Валерий Ситало - бапкер;
 - Ерден Халилин – «Шахтер» футбол клубының атқарушы директоры;
- Владимир Нидергаус - спорт директоры;
- Леонид Маслюк – команда дәрігері;
- Кирилл Черненко – команда әкімшісі;
- Андрей Финонченко - команда капитаны.
Сондай-ақ Қарағанды футбол ассоциациясының төрағасы, аймақ басшысы Серік Ахметовке қарағандылық футболды дамытуға қосқан зор үлесі мен «Шахтер» футбол клубына көрсеткен қолдауы үшін алтын медаль табыс етілді.
Сонымен қатар Қарағанды футбол ассоциациясының құрметті президенті, еңбек ардагері, команданың адал жанкүйері Мәлік Имашевке де алтын медаль табысталды.
Салтанатты рәсім соңында облыс әкімі футбол командасына ең басты сыйлық ретінде 10 миллион теңгенің сертификатын тапсырды.
«Шахтер» командасының капитаны Андрей Финонченко, бас бапкері Виктор Кумыков пен клубтың атқарушы директоры Ерден Халилин сөз алып, жүрекжарды алғыстарын білдірді. Бұдан кейін Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Сейілда Байшақов құттықтау сөз сөйледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика