Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 22 Қаңтар (17:56)
Официально

Язык: Қазақша

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту туралы ақпарат

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі кәсіби мемлекетті құру болып белгіленген. Біздің мемлекетіміздің алдында тұрған кәсіби жоғары мемлекеттік қызметті және басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді іске асыру көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсіптілігіне негізделеді. Президент Н.Назарбаев елді тиімді басқаруы үшін мемлекеттік қызметшіде болуға тиісті негізгі қасиеттерді атап көрсетті. Бұл – моралдық жоғары жауапкершілік, кәсіптік білім, білімін тәжірибеде қолдана білу, адалдық, ақ ниеттілік, белсенді өміршеңді ұстаным. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезіне білуі және өз елінің патриоты болуы тиіс.
Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің позитивті имиджін қалыптастыру және күшейту болып келеді. 2030 жылға дейін Қазақстанды дамыту стратегиясындағы ұзақ мерзімді басымдылықтың бірі кәсіптік мемлекетті құру болып келеді. Мемлекеттің алдында тұрған жоғары кәсіптік мемлекеттік қызмет пен басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді жүзеге асыру көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсіптігімен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік қызметшінің позитивті имиджіне ұсынылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінде көрсетілген, «мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет атынан аса сенім артуы деп есептеледі және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне және рухани — этикалық бейнесіне жоғары талаптар ұсынады.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет беделін арттыру қажеттігіне қатысты мәселелерге мемлекет басым назар аударуда. Мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру – күрделі әрі көп уақытты алатын үрдіс.
Мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру үрдісінің өзі атқарушы биліктің беделдік саясатымен де тығыз қарым-қатынаста. Мемлекеттік қызметшінің оң беделіне қойылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексінде белгіленген.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың  «Нұр Отан» ХДП-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында сөйлеген сөзінен.
Мемлекеттік қызметші мынадай этикалық нормаларды басшылыққа алуы тиіс:
1. Ол билік пен өкілеттілігін адал және дұрыс жұмсауы керек.
2. Мемлекеттік қызметте өзінің қамы үшін емес, мемлекеттің игіліне жұмыс істеуі керек, мемлекеттік қаражатты өзінің қалтасымен шатастырмауы керек.
3. Шенеунік «Қалай өмір сүріп жатырсың?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі керек.
4. Заң талаптарымен толық келісіп, өмір сүруі өте маңызды.
5. Кез келген орында, кез келген қызметте, қандай да жағдай болмасын өз елінің халқы мен азаматтарының сенімін жоғалтпай, жұмыс істеу керек.
6. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділеттіліктің, сыпайылылықтың өнегесі болуы керек, адам арасында өзін ұстай білу керек.
7. Ұжымды басқармай тұрып, өзі бағана білуі керек, өзінің қызметкерлерінен талап ететінін, өзі орындай алуы керек.
8. Егер мемлекеттің мүддесіне зиян тигелі немесе сыбайлас жемқорлық іс-әрекет дайындалып жатқанын байқаған жағдайда, дереу іске араласып, шара қолдану қажет.

Дата редактирования: 04.04.2017

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика