Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 22 Қыркүйек (11:17)
Официально

Язык: Қазақша

Мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестік туралы

ҚР «Мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестік туралы» Заңының 44 бабына сәйкес «Ожет» спорт кешенін пайдалану жөніндегі мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестік жобасын ықтимал жеке меншік әріптестің бастамашы болғанын хабардар етіледі.
Инвестиция сомасы 141,6 мың теңге.
Жобаның жүзеге асырылу кезеңі:
- Пайдалану мерзімі: 2018 – 2023 жылдар.
МЖӘ алдын ала жобасының мерзімі 5 жыл.
Қызметінің түрі:
Тұрғындарға дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызмет көрсету.
Бюджеттен төленуге тиіс төлем және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары: мемлекеттік тапсырысты орналастыру.
Өңірдегі тауарға, жұмысқа және қызметке қойылатын нақты тұтыным талабы: спорт секцияларында айналысатындар санының арта түсуі.
Жобаның техникалық күрделі және (немесе) біргей жобаға жататындығы: жатпайды.
Жеке әріптес МЖӘ-ке мынадай түрде қатысады: 2015 жылғы 31 қазандағы №379-Ү ЗРК ҚР «Мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестік туралы» Заңының 31  бабының 2 тармағына сәйкес тікелей келіссөздер.
Жобаны инвестордың қаражаты есебінен жүзеге асыру жоспарланады. МЖӘ жобасын жоспарлау бойынша жүзеге асыруға мүдделі ықтимал жеке меншік әріптес осыған ұқсас ақпараттық жүйені енгізу бойынша жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі туралы баламалы ұсыныс жасай алады.
Басқа да жеке меншік әріптестердің баламалы ақпараттық жүйесі өзінің техникалық сипаттамасы жағынан осы хабарламада көрсетілгенмен тең дәрежеде немесе жоғары болуы қажет.
Ықтимал инвесторларға қойылатын талап:
1) құқықтық қабілетке (заңды тұлға үшін) және азаматтық жұмыс қабілетіне (жеке кәсіпкерлер үшін) ие болуы;
2) төлем қабілетінің болуы, салық қарыздарының болмауы;
3) мемлекеттік-жеке меншік әріптестік келісім-шарты бойынша міндеттемені орындау үшін қажет қаржылық және (немесе) материалдық, және (немесе) еңбек ресурсы болуы;
4) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес банкроттық немесе тарату рәсімдеріне жатпауы, оның мүлкіне тыйым салу жүргізілмеуі,  оның қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатылмауы қажет.
5) Кейінгі үш жыл ішінде соттың шешімі негізінде заңды күшіне енген жасалған мемлекеттік-жеке меншік әріптестік келісім-шартының орындалмағаны және (немесе) тиісті дәрежеде орындалмағаны үшін жауапкершілікке тартылудың, теріс пиғылды ықтимал жеке меншік әріптес деп танылудың болмауы.
Ықтимал жеке меншік әріптестің ұсынған тиісті біліктілік талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжаттарының тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығының №3 қосымшасымен бекіткен. Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы осы хабарлама жария болғаннан бастап 30 күнтізбелік күн ішінде баламалы ұсыныс қабылдайды.
Баламалы ұсыныста мыналар болуы қажет:
- ықтимал жеке меншік әріптестің атауы және мекен-жайы;
- мемлекеттік тиістілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтығы (жеке тұлғалар үшін);
- ықтимал жеке меншік әріптес болуға ұсынылатын заңды тұлғаның басшылары немесе иелері туралы деректер;
- Жобадағы үлесін куәландыратын жергілікті мазмұндағы құжаты;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестік саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес жасалған бизнес-жоспар, оның ішінде құжаттары мен есеп-қисаптарын куәландыратын қаржылық-экономикалық үлгісі;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестік саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес жасалған МЖӘ келісім-шартыныың жобасы.
Анықтама үшін: «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, мекен-жайы: Бұқар жырау д-ы, 53, тел.: +7(7212) 502535.

 

Дата редактирования: 28.05.2018

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика