Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 17 Қазан (03:01)
Официально

Язык: Қазақша

Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік: «Қарағанды қаласындағы «Аманат» спорт кешенін пайдалану».

«Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ ҚР 2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 44 бабының 1 тармағына сәйкес, 25.11.2015 ж. №725 МЖӘ жобаларын жоспарлау және жүзеге асыру Ережесінің 12 параграфының 133-135 тармақтарына сай мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына тікелей келіссөз әдісімен бастамашылық жасағандығын хабарлайды.

Жобаныың атауы: «Қарағанды қаласындағы «Аманат» спорт кешенін пайдалану».

Жобаны жүзеге асыру және оның сипаттамасы: Футболдан, жекпе жектен (таеквондо, карате-до, қоян-қолтық күрес) жаттығу және жарыс өткізу үшін жеке меншік әріптеске спорт залдары мен бөлмелерді беру.

Жобаны жүзеге асыру жөніндегі басты талап спорт залдары мен бөлмелердің қолданыстағы стандарттарға сәйкес келуі болып табылады.

Осы Жобаның негізгі мақсаты:

  1. Спорт залдары мен бөлмелердің жетспеушілігін қысқарту.
  2. Жасөспірім спортшылардың спортта жоғары нәтижелерге қол жеткізуі мақсатында оқу-жаттығу сабақтарын сапалы өткізу.
  3. Қолжетімді спорт және дене шынықтыру-сауықтыру қызметінің нарығын кеңейте түсуге мүмкіндік тудыру.
  4. Тұрғындардың денсаулық деңгейін, спортты бұқараландыруды және тұрғындардың салауатты өмір салтын көтеру.

Келіп тұскен өтінімдер аясында тауарға, жұмысқа және қызметке деген нақты қажеттілік:

Осы жобаның аясында қызметті тұтынуға мемлекеттік кепілдік тарапынан 5 жыл мүмкіндік беруіне МЖӘ Келісім-шартын жасау жоспарлануда.

МЖӘ жобаларын жоспарлау және жүзеге асырудың 5.11.2015 ж. №725  Ережесінің 135 тармағына сәйкес МЖӘ жобасын жүзеге асыруға мүдделі жеке меншік әріптес хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес, 25.11.2015 ж. №725 МЖӘ жобаларын жоспарлау және жүзеге асыру Ережесінің 11 параграфының 130 тармағына сәйкес баламалы ұсыныстар жасайды.

«Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ осы хабарлама жарық көргеннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде баламалы ұсынысты қабылдайды.

Өкілетті тұлға: «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Бұқар жырау д-ы, 53. Тел.: 7(7212) 502535.

Байланыс жасаушы тұлға: «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысының орынбасары Рустам Даулетович Кожабеков.

Тел. номері: +7 (7212) 50-73-00.

Ресми сайт: : www.karsport.kz

E-mail: karsport@mail.ru

Дата редактирования: 07.09.2018

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика