Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 16 Шілде (08:58)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағанды қ. мұз айдынының құрылысы және пайдалануға берілуі (кіші спорт мұз аренасы)

Жоба мақсаты:
- балалар-жасөспірімдер спорт мектептері оқушыларының жаттығу және жарыс процессі үшін мұз тапшылығын қысқарту және хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-тректы дамыту;
- тұрғындардың арасында спортты және салауатты өмір салтын дәріптеу;
- аталған қысқы спорт түрлерімен шұғылданушылар санын жылына 360 балаға дейін көбейту;
- хоккейді балалар және әуесқой командалар үшін қол жетімді ету, тұрғындардың денсаулық деңгейін көтеру және балалар арасындағы қылмыс деңгейін азайту;
- тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған топтарына хоккеймен шұғылдану қолжетімсіз болуына байланысты әлеуметтік мәселені шешу;
- Қарағанды қ., Қарағанды облысында және Қазақстан Республикасында хоккей деңгейін көтеру.
Жобаның міндеттері:
- дене шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметтерін ұсыну бойынша жаңа спорт объектілерін құру;
- жұмысшыларға тұрақты табыс беретін 28 жаңа жұмыс орнын құру.
Қарағанды облысының басшылығы мемлекет атынан жобаны табысты енгізу үшін, қажетті қаржыландыруды ұсына алатын қазақстандық және/немесе шетел инвесторларымен нәтижелі ынтымақтастыққа мүдделі.
Жобаның оң әсері жеке инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашу, тиімді басқару енгізу, тұрғындарға көрсететін қызмет сапасын жақсарту болып табылады. Жобаны табысты енгізу Қазақстанда мемлекеттік-жеке серіктестігі механизмінің инвестициялық әлеуетін аша түседі.  
Бақылау түрі:
Инвестор Қарағанды қ. мұз айдыны құрылысын жүргізіп жатыр және концессия келісім шартына сәйкес оны пайдалануға береді.   
Жобаны жүзеге асыру мерзімі:
• Құрылыс мерзімі: 2017-2018жж.
• Пайдалануға беру мерзімі: 2018-2032 жж.
• Концессия  мерзімі – 15 жыл.
Қызмет түрі:
Тұрғындарға дене шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметтерін ұсыну.
Жобаның қаржы-экономикалық көрсеткіштері:
• Жоба құны: 675 (650) млн. теңге.
• Жобалық қуаты: 200 орын.
Қызметтерді өткізу нарығы:
Қала тұрғындары және балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің оқушылары.
Мемлекеттік қолдау шаралары:
Концессионердің концедентке ұсынатын есебіне (мемлекеттік тапсырыс, ата-аналардан балаларды тамақтандыруға беретін төлем) сәйкес нақты келтірілген шығындар көлеміндегі тұтыну кепілдігі. Құнсыздану деңгейі индексациясының болжамымен.  
Жобаның тиімділігі көрсеткіштері:
• Өтелу мерзімі: 15 жыл.
• Таза ағымдағы құны (NPV): 104,0 млн. теңге.
• Кірістің ішкі нормасы (IRR): 35%.
Инвестордың жобаға қатысу түрі:
Аталған концессиялық жобаны жүзеге асыру үшін концессионердің мемлекетке ұсынатын белгілі бір қызметтерін қарастыратын концессияның келісім шарты қолданылатын болады. Бұл жағдайда объектіні пайдалануға беру бойынша барлық шығындарды концессионер көтереді.  Концессионер мен мемлекеттің өзара тиімді ынтымақтастығы мемлекеттің құрылысқа толықтай шығын шығармайтыны және пайдалану шығындарын көтермейтіні, тек балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттығу және жарыстар үшін аренаның жұмыс уақытының бөлігін ғана төлейтінінен құралады. Концессионер 200 орындық жалпы қуаттылығы бар мұз айдынының қаржыландыруын жобалау үшін жауапты. Мемлекеттің пайдасы МЖС бағдарламасының шарттарына сәйкес қамтамасыз етіледі. Объект жер телімімен және техникалық жағдайлармен қамтамасыз етілген, инженерлік коммуникациялар жасалған.  
Жоба бойынша кіріс көздері:
• Инвесторлық шығындар өтем ақысы  (концессионерге объектіні пайдалануға беру бойынша шығындар қайтарылады) концессия келісім шарты бойынша белгіленген, келісім шартқа сәйкес уақытылы және көлемінде қайтарылады;

• Қосымша ақылы қызметтер көрсету. Мемлекетке бейінді қызметтерді  және концессионерге объектіні кейін де пайдалануды ұсына отырып,  концессионердің  концессия  объектісін жасауды көздейтін келісім шарт – «конценссия объектісін пайдалану».

Дата редактирования: 16.02.2017

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика