Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 19 Шілде (21:19)
Официально

Язык: Қазақша

Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік «Балқаш қаласында спорт кешенін ашу»

ҚР 2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 44 бабына сәйкес «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ ықтимал жеке меншік әріптестің «Балқаш қаласында спорт кешенін ашу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы жобаға бастамашылық жасағанын хабарлайды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының негізгі техникалық-экономикалық параметрі және сұралып отырған бюджет төлемі (бастамашылық жасап отырған ықтимал жеке меншік әріптестің бизнес-жоспарына сәйкес):

1)      жобаның жүзеге асырылатын саласы – спорт және мәдениет;

2)      жобаның жүзеге асырылатын жері – Балқаш қ., Қарағанды облысы;

3)      МЖӘ нысаны – құрамында жүзу бассейні, ауыр атлетикамен және дзюдомен

айналысатын залдары бар, Балқаш қаласында Заңға сәйкес жеке меншік құқығында тұрған спорт кешені;

4)      жүзеге асыру мерзімі – 10 жыл;

5)      жобаның мақсаты мен міндеті – жаттығу үрдісін, спорттық шараларды және

дене шынықтырумен айналысуды ұйымдстыру (су спорты түрлері, ауыр атлетика, дзюдо);

6)      бюджеттен сұралып отырған төлем – жыл сайын 60 480, 0 мың теңге;

7)      жоба техникалық күрделі және (немесе) бірегей жобаға жататындығы – ондайға

 жатпайды.

Ықтимал жеке меншік әріптес Заңның 32 бабында белгіленген жалпы біліктілік талабына сәйкес болуы қажет.

Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жоспарлау және жүзеге асыру ережесінің 135 тармағына сәйкес жоспарланып отырған МЖӘ жобасын жүзеге асыруға мүдделі ықтимал жеке меншік әріптес осы хабарламада, сол сияқты осы Ереженің 130 тармағындағы жеке меншік әріптесті анықтау жөніндегі тікелей келіссөзге қатысу өтінімінде көрсетілген талаптарға сәйкес баламалы ұсыныстар жасайды.

Осы жобаны жүзеге асыруға мүдделілік танытқан жағдайда «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ баламалы ұсыныстарды 2018 жылдың 10 шілдесінен кешіктірмей мына мекен-жай бойынша қабылдайды: Қарағанды қ., Бұқар жырау д-ы, 53 үй (тел. 8 7212-507300, 8 7212-502535).

Дата редактирования: 14.06.2018

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика