Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 22 Қаңтар (18:06)
Официально

Язык: Қазақша

Бірінші басшылардың өмірбаяны

 

Қарағанды облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылары

Сухорукова Наталья Евгеньевна 
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

 

1959 жылы 24 сәуірде Қарағанды қаласында туған. Үш жоғары білімі бар. Педагогика ғылымының кандидаты. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының мүшесі;  ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері мен отбасылық, демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі, спорттық нысандардың Еуропалык қауымдастық мүшесі.  
Жұмыс өтілі 32 жыл, соның ішінде жетекшілік қызметте -22 жыл.
1986 жылдан 1999 жылдары аралығында «Шахтер» спорт клубы жанындағы балалар – жасөспірімдердің спорттық мектебінде директор қызметін атқарды. 
1999 жылдан 2000 жылдары аралығында «Шахтер» стадионында директордың орынбасары болып жұмыс атқарды.
2000 жылдан 2012 жылдары аралығында «Шахтер» КМҚК-ның директоры қызметін атқарды.
Наталья Евгеньевна Қарағанды облысының дене шынықтыру және спортты дамытуда үлкен үлес қосқан, аула клубтары жұмыстарын ұйымдастыруда үлкен жетістіктерге ие. Бірқатар авторлық бағдарламалары бар. 
Наталья Евгеньевна қоғамдық жұмыстарға белсенді араласқан, қалалық мәслихаттың екі шақырылымының депутаты және облыстық маслихаттың депутаты болған. Өңір дамуында үлес қосқаны үшін үкімет сыйлықтарымен; «Ерен еңбегі үшін» медалімен, мерейтой медальдарымен, Қазақстан Респуликасы Президентінің алғыс хаттарымен, облыс әкімінің құрмет мадақтамаларымен мадақталған. «Қазақстан Республикасының құрмет қайраткері» төс белгісі берілген.
2012 жылғы 29 маусымынан Қарағанды облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Тұрмыста, 2 баласы, 3 немересі бар.

 

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары
Қожабеков Рустам Дәулетұлы

1975 жылдың 17 шілдесінде Қарағанды облысының Абай ауданына қарасты Самарка аулында дүниеге келген. 1993 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне «Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша оқуға түсті. Аталған университетті аяқтаған соң,еңбек жолын 1997 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Узумруд орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастады. 2002 жылы Самарка аулындағы орта мектепке дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып орналасты.2004 жылы Қарағанды Экономикалық университетіне «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша сырттай оқуға түсті. 2005 жылдың желтоқсанында Самарка әкімінің аппаратына мемлекеттік қызметке бас маман болып жұмысқа тұрып, 2007 жылы «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маман болып ауыстырылды. 2008 жылы «Қарағанды облысының ішкі саясат бөлімі «ММ жетекші маман болып ауыстырылды. 2009 жылдан бастап «Қарағанды облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ ұйымдастыру-кадр және дене шынықтыру-бұқаралық жұмыс бөлімінің бас маманы болып ауыстырылды. 2010 жылдың тамыз айынан бастап «Қарағанды облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ жоғарыда аталған бөліміне бастық болып тағайындалды. 2011 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Қарағанды облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ бастығының орынбасары қызметін атқаруда.

 

 

Дата редактирования: 29.01.2016

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика