Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 22 Қазан (18:42)
Официально

Язык: Қазақша

«Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

«Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» Мемлекеттік мекемесінің
Ережесі

1.Жалпы жағдайы

1. «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Басқарма) дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
7. «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Бұқар-Жырау даңғылы, 53, 100000 индексі.
9. Мемлекеттiк органның толық атауы – мемлекеттік тілде: «Қарағанды облысының  дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение «Управление физической культуры и спорта Карагандинской области.
10. Осы Ереже  «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Қызметті каржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджет есебінен  жүзеге асырылады.
12. «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен басқарма функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне  заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
13. Басқарманың миссиясы Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатында тиімді мемлекеттік басқару және салааралық, аймақ аралық үйлестікті қамтамасыз ету болып табылады.
14.Міндеттері:
1) Облыста дене шынықтыру және спортты дамыту, спорттық резервті және халықаралық класстағы спортшыларды дайындау;
2) Дене шынықтыру және спорттың материалдық-техникалық базасын құру және нығайту, олардың инфрақұрылымын дамыту;
3) Дене шынықтыру және спортты дамытудағы мемлекеттік саясатты жүргізу сұрақтары бойынша  мекемеге қарасты ұйымдардың қызмет координациясы, сондай-ақ саладағы көкейкесті мәселелерге сәйкес сұрақтар бойынша олармен әрекеттестік.
15. Фуникциялары:
1) Дене шынықтыру және спорт саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2)  Облыста дене шынықтыру және спортты дамыту, спорттық резервті және халықаралық класстағы спортшыларды дайындау;
3) Дене шынықтыру және спорттың материалдық-техникалық базасын құру және нығайту, олардың инфрақұрылымын дамыту;
4)  Қызығушылық танытқан ұйымдармен бірге дене шынықтыру және спорт саласында зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу;
5) Дене шынықтыру және спортты дамытудағы мемлекеттік саясатты жүргізу сұрақтары бойынша  мекемеге қарасты ұйымдардың қызмет координациясы, сондай-ақ саладағы көкейкесті мәселелерге сәйкес сұрақтар бойынша олармен әрекеттестік;
6) Дене шынықтыру және спортты дамытудағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағытын жүзеге асырады,  дене шынықтыру және спортты дамытудың жергілікті бағдарламаларын  өңдейді және жүзеге асырады, Басқарма құзырына кіретін сұрақтар бойынша облыс әкімінің орынбасары және облыс әкімдігі, әкімнің тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша іс-шараларды өткізеді;
7) дене шынықтыру және спортты дамытудың сұрақтары бойынша мекемеге қарасты ұйымдардың қызметін үйлестіру, практикалық және методикалық көмек көрсету жолымен материалды-техникалық базаны тиімді және ұтымды пайдалануды нығайту;
8) Күші бар заңға сәйкес дене шынықтыру және спорт саласында халықаралық, аймақ аралық байланысты жүзеге асырады;
9) дене шынықтыру және спорт сұрақтары бойынша республика заңдарын жетілдірудегі  ұсыныстарды дайындауға қатысады;
10) спорттық ұйымдар мен кәсіпорындарға консультациялық және методикалық көмек көрсетеді;
11) Қоғамдық ұйымдармен және өзге де кәсіпорындармен бірге ұйымдастырылатын спорт шараларының жоспарын үйлестіреді;
12) Спорт бойынша Комитетпен, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт істері агенттігімен және спорт түрлері федерацияларымен бірлесіп халықаралық, республикалық және облыстық спорт жарыстары, семинарлар, әр түрлі жиындар өткізуге қатысады;
13) Облыстың құрама командалардың  дайындығын жүргізеді және Қазақстан Республикасының Чемпионатында, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы мемлекеттер, Еуропа, Азия, Әлем, Олипиадалық және Азиалық ойындар және басқа да халықаралық жарыстарда облыстағы спортшылардың қатысуын қамтамасыз етеді;
14) Спорттық резервті дайындау бойынша қызығушылық танытқан ведомстволармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс жүргізеді, спорт клубтары, мектеп және спорт құрылыстарының желілерінің дамуын үйлестіреді, сондай-ақ оларда оқу-жаттығу процесін ұйымдастырады;
15) Облыста дене шынықтыру және спортты дамыту туралы мағлұмат, дене шынықтыру және спорт  облысында статистикалық мәліметті дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті органға , әкімге және облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына, облыс әкімдігіне ұсыну және талдау(тоқсанаралық, жартыжылдық және жылдық есеп);
16) Бекітілген тәртіп бойынша спорт бойынша Комитет, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт істері  агенттігіне спорттық ұйымдардың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын, спорт ұйымдарының қызметкерлерін спорттық медальдармен, белгілермен, дипломдармен, сыйлықтармен, мадақтау қағаздарымен марапаттау және атақ беру туралы, сондай –ақ жаттықтыру-оқытушылық  дәреже беру туралы құжаттарды тапсырады;
17) Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты  дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту бойынша ақпаратты-насихаттау жұмыстарын жүргізеді;
18) дене шынықтыру және спорт облысында мекемеге қарасты ұйымдардың қызметін өз құзырында үйлестіреді, спорт ұйымдарымен әрекеттестік жүргізеді, дене шынықтыру және спорт облысында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын, аудандық және қалалық бөлімшелер әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
19) Дене шынықтыру және спортты дамыту бағдарламасын жүзеге асыру және өңдеуде қатысады, дене шынықтыру және спорт саласында мақсатты жобалар мен бағдарламаларға ерекшеленетін облыстық бюджет құралдарын тарату бойынша ұсыныстар енгізеді және олардың мақсатты қолдануын қамтамасыз етеді;
20) Облыс әкімінің орынбасарына және облыс әкіміне Басқарма жұмыстарын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
21) Акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестік  игеру құқығына акциялармен қолдану және қатысу үлесімен әкімдік шешіміне сәйкес Басқармаға берілген
22) Әкімдік шешімімен сәйкес акционерлік қоғамның акцияларымен қолдану,  иелену және жауапкершілігі шектеулі серіктестікте қатысу үлесі құқысы жүзеге асырылады;
23) Сәйкес саладағы мемлекеттік мүлікті басқару жөнінде мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, сәйкес саладағы мемлекеттік мүлікті басқару сферасында өз құзырының шегінде нормативтік құқықтық актілерді өңдейді;
24) бюджетпен қаржыландырылған  (қызметі)мекемеге қарасты коммуналды мемлекеттік кәсіпкерлік және Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған кездегі қызмет бағытын және міндетті жұмыс көлемін анықтайды;
25) коммуналды мемлекеттік мекеме қызметінің мақсатын және затын анықтайлы;
26) коммуналды мемлекеттік кәсіпкерлік қызметінің мақсатын және затын анықтау жөнінде коммуналды мүлікпен басқару жөнінде, сондай-ақ коммуналды мемлекеттік кәсіпкерлік түрін анықтау ()жөніндегі осындай қызметті жүзеге асыратын өкілетті органға ұсыныстар енгізеді;
27)  «Мемлекеттік мүлік туралы»  Қазақстан Республикасының Заңымен қарастырылған жағдайларда келістіреді, қарастырады, және коммуналды мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту жоспарын және орындау бойынша есепті бекітеді;
28) коммуналды заңды тұлғалардың мүлкін қолдану және сақтауды және  коммуналды мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту жоспарын орындауды бақылау жүзеге асырады;
29) коммуналды  мүлікті басқару жөнінде өкілетті органға коммуналды заңды тұлғаға берілген немесе меншікті шаруашылық қызметтің нәтижесінде алынған мүлікті қайта бөлуге немесе алуға келісім береді;
30) коммуналды заңды тұлғалармен басқару жүзеге асырылады;
31) коммуналды заңды тұлғалардың жылдық қаржылық есепбін бекітеді;
32) коммуналды қазыналық кәсіпкерлікпен жүзеге асырылатын және өндірілетін тауарға (жұмыс, қызметтер) баға белгілейді;
33) облысттық бюджеттен коммуналды мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру жоспарын бекітеді;
34) филиалдар мен өкілдіктердің  коммуналды мемлекеттік мекемелерді құруға келісім береді;
35) ұйғару бойынша коммуналды мүлікті басқару жөнінде өкілетті органмен коммуналды заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және таратуды жүзеге асырылады;
36) мемлекеттік акция пакетін (жарғылық капиталда үлесімен қатысу) қолдану және иелену құқығы берілген жағдайда, жалғыз акционері (қатысушы) мемлекеь болып табылатын директорлар кеңесіне сәйкес құрамына өзінің өкілін (кеңес бақылаушысы) тағайындайды, ал басқа да мемлекет қатысумен акционерлік қоғамда және жауапкершілігі шектеулі серіктестікте  диреторлар кеңесі немесе бақылаушы кеңесіне жауапкершілігі шектеулі серіктестік акционерлер немесе қатысушылар кандидатурасы жалпы жиналысымен  бекітуге ұсынады;
37) коммуналды мүлікті басқару жөнінде өкілетті органның өкілін мемлекеттің қатысуымен акционерлер қоғамының директорлар кеңесінің немесе мемлекеттің қатысуымен жауапкершілігі шектеулі серіктестік бақылаушы кеңесінің құрамына кіруге қажетті шараларды қабылдайды және қамтамасыз етеді;
38) мемлекеттік мүлік тізілімінде бұл мәліметтердің бейнеленуі үшін,  басқармада акционер ретінде мемлекеттің қатысу (қатысушысы) құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлға және мемлекет қатысуымен заңды тұлғаларды басқаруда болатын аттар тізімін және мәлімет дайындайды;
39) мекемеге қарасты ұйымдардың мүліктерін есептен шығаруын үйлестіреді;
40)  «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен, өзге де  Қазақстан Республикасының  заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президентінің және Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілерімен анықталған өзге өкілеттілікті жүзеге асырады;
41) спорт құрылыстарына категория иелендіреді; (2011 жылғы 14 сәуірден № 02-02-18/59 Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт Министрлігінің спорт құрылыстарын қолдану Ережесін бекіту туралы бұйрығы).
42) мекемеге қарасты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерліктердің директор орынбасар, басқарушыларды аттестаттау жүргізу (2011 жылғы 5 наурыздан № 02-02-18/29 Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт Министрлігінің бұйрығы;
43) әр түрлі спорт турлерінен Қазақстан Республикасының құрама командасының құрамына кіретін спортшылар құрамы бойынша облыс әкімдігіне заңмен бекітілген тәртіпте ұсыныстар енгізеді және өңдейді;
44) дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жауап беретін аудандық және қалалық бөлімдерде әдістемелік басқаруды қамтамасыз етеді және өз құзырының шегінде мекемеге қарасты мемлекеттік ұйымдар және кәсіпорындарда оқу-жаттығу процессі және іс жүргізу ұйымдарының сапасын тексеруді  жүргізеді;
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) дене шынықтыру және спорт сұрақтарын реттейтін әкім және облыс әкімдігі актілері жобаларын және салада әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын өңдеуге қатысу;
2) дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарының тәжірибесімен алмасу, дайындау және қайта дайындау, кадрлар квалификациясын жоғарылату, конференцияларды, семинарларды және басқа да оқыту формаларын ұйымдастыру бағдарламасын бекіту және үйлестіру;
3)  өз функцияларын орындауға қажет ақпаратты өзге ұйымдардан, мемлекетті органдардан сұрау және алу, сондай-ақ облыстық бюджеттен қаржыландырылатын басқа мемлекеттік органдарға тікелей ақпаратты тапсыруы қажет (аналитикалық тұрғыда ақпаратты және облыс әкімінің орынбасарымен келісімі бойынша  қызметтік қолдануға ұсынылады);
4)  мекемеге қарасты  Басқарма ұйымдарының қайта ұйымдастыру және таратуды құру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) өз құзырының шегінде мекемеге қарасты ұйымдардың барлық басшылардың орындауы міндетті бұйрықтар беру;

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
17. «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшылығын Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
18. Заңға сәйкес, «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
20. «Қарағанды облысының  дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
        1) «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін басқарады және ұйымдастырады;
2) «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген облыс әкімінің орынбасары және облыс әкімінің тапсырмасы, функциялары және міндеттерін дербес орындауға жауап береді;
3) «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі  орынбасарының, құрылымдық бөлімшелердің басшыларының және өзге қызметкерлерінің міндеттерін және өкілдіктерін анықтайды;
4)  «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі  қызметкерлерін мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес, сондай-ақ  күші бар заңнамаға сәйкес мекемеге қарасты мемлекеттік мекеме басшыларын, мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорынның басшы орынбасырын және басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі  атынан сенім хатсыз әрекет етеді;
6)мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда «Қарағанды облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызығушылығын таныстырады;
7) «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі  атынан келісім жасайды;
8) «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі   атынан сенім хат береді;
9) банк шоттарын ашады;
10) Барлық қызметкерлерге міндетті тапсырма береді және бұйрық шығарады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасынмен бекітілген тәртіпте, «Қарағанды облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі  қызметкерлеріне, ведомствалық мекеме және мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорын басшыларына пәрмендi шарасын қолданады және тәртiптiк жаза салады;
12) Бастық сыбайлас жемқорлықтың оқиғаларына қарсы әрекетті күшейту бойынша шара қолданады және коррупцияға қарсы заңдарды бұзғаны үшiн жеке дара жауапкершiлiкті алады;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, облыстың әкiмшiлiгiмен және Ережесімен  артылған өзге функцияларды жүзеге асырады;
«Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  бiрiншi басшысы болмаған кезеңде
оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
          21. Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

      
4. Мемлекеттiк органның мүлкi
22. «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі  заңнамада көзделген  жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
«Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
23. «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі,
өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Жұмыс тәртібі:
25. Қазақстан Республикасының күші бар еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс тәртібі бекітілді.


6. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

26. «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi:

Мемлекеттік мекемелер:
1) "Мамандандырылған жеке сайысынан балалар және жасөспірімдер
спорт мектебі" мемлекеттік мекемесі;
2) "Бокстан облыстық олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі"  мемлекеттік мекемесі;
3) "Футболдан "Жастар" олимпиадалық резервтегі облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" мемлекеттік мекемесі;
4) "Стол теннисі бойынша олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" мемлекеттік мекемесі;
5) "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10- жылдығы атындағы спорттың қысқы түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдердің облыстық спорт мектебі" мемлекеттік мекемесі;
6) "Велосипед спорты бойынша олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" мемлекеттік мекемесі;
7)"Күрес түрлері бойынша олимпиадалық резервтің облыстық мамандырылған балалар мен жасөспірімдердің "Дәулет" мектебі" мемлекеттік мекемесі;
8) «Мүгедектер спорты бойынша облыстық мамандандырылған мектебі» мемлекеттік мекемесі;
9) "Облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
10) «Ұлттық ат спорты түрлері бойынша облыстық балалар мен жасөспірімдердің "Қайрат" спорт мектебі» мемлекеттік мекемесі;
11) «Дзюдо, самбо, қазақ күресі бойынша облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің "Жас сұңқар" спорт мектебі» мемлекеттік мекемесі;
12) «Шайбалы хоккейден балалар мен жасөспірімдердің облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебі» мемлекеттік мекемесі;
13) «Қарағанды облысының әкiмшiлiгiнiң техникалық шығармашылығы және техникалық спорттың түрлерi бойынша облыстық мамандандырылған мектебі» Мемлекеттік мекемесі;
14) «Спорттық ойын түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» Мемлекеттік мекемесі;
15) «Қарағанды қаласының спорттық ойын түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» Мемлекеттік мекемесі;
16) «Жеңіл атлетикадан олимпиадалық резервтегі Қарағанды қаласының мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» мемлекеттік мекемесі
17) «Гимнастикадан олимпиадалық резервтегі Қарағанды қаласының мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» мемлекеттік мекемесі;
18) «Мамандандырылған балалар-жеткіншектердің есу спорты бойынша Олимпиада резерві мектебі» мемлекеттік мекемесі;
19) «Саран қаласының балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебі»  мемлекеттік мекемесі;
20) «Абай ауданындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесі;
21)  «Шахтинск қаласындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесі;
22)  «Балқаш қаласындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесі;
23)  «Жезқазған қаласының "Байдаркада және каноэда есу бойынша мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебі» мемлекеттік мекемесі;
24) "Жезқазған қаласындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік мекемесі;
25) "Қаражал қаласының мамандандырылған олимпиадалық резервтегі дзюдо балалар-жасөспірімдер мектебі" мемлекеттік мекемесі;
26) "Қарқаралы ауданындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік мекемесі;
27) "Сатпаев қаласындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік мекемесі;
28) "Нұра ауданындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік мекемесі;
29) "Шет ауданындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік мекемесі (Ағадыр к.);
30) "Шет ауданындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік мекемесі (Ақсу-Аюлы а.);
31) "Осакаров ауданындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік мекемесі (Молодежный  к.);
32) "Осакаров ауданындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік мекемесі (Осакаровка  к.);
33) "Ақтоғай ауданындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік мекемесі;
34) "Бұқар-Жырау ауданындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік мекемесі;
35) "Ұлытау ауданындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік мекемесі;
36) "Жаңаарқа ауданындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік мекемесі;

Коммуналды мемлекеттік мекемелер:

37) «Әлия Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған облыстық мамандырылған мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі;

Коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар:
38) «Олимпиада резервін даярлау орталығы»  Коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
39) «Теміртау қаласындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" Коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
40) «Жүзуден облыстық мамандандырылған мектебі» Коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
41) «Облыстық кешенді мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» Коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
42) «"Жалын» спорттық туризм түрлері бойынша облыстық мамандандырылған спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
43) «Жеңіл атлетикадан олимпиадалық резервтегі облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер:

44) «Сарыарқа» Хоккей клубы» жауапкершілігі шектеулі серітестігі;
45) «Қарағанды» Волейбол клубы» жауапкершілігі шектеулі серітестігі;
46) «Тұлпар» шағын футбол клубы»  жауапкершілігі шектеулі серітестігі;

Акционерлік қоғамдар:

47) «Шахтер» Футбол клубы» акционерлік қоғамы;
 

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика