Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 22 Қазан (18:12)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының жұмыс РЕГЛАМЕНТІ

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы жұмысының Регламентін бекіту туралы

Қойылған міндеттер мен функцияларды орындау бойынша Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметін тиімді ұйымдастыру мақсатында бұйырамын:
1. Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Регламенті (бұдан әрі – Регламент) бекітілсін.
2. Бұйрықтың орындалуына Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшылары жеке жауапкершілікте болады.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Басшы
Сухорукова

Қарағанды облысының
дене шынықтыру және спорт басқармасы жұмысының
Регламенті

Жалпы ережелер
1. «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» Мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын атқарушы орган болып табылады.
2. Басқарма өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Басқарма жұмысының Регламентін (бұдан әрі – Регламент) басшылыққа алады.
Басқармадағы әкімшілік рәсімдер «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленеді.

2. Ақпараттық-талдау жұмысы
3. Басқармадағы Ақпараттық-талдау жұмысы мына негіздерде жүзеге асырылады:
- ведомстволық бағыныстағы ұйымдардағы дене шынықтыру және спорттың негізгі көрсеткіштері бойынша статистикалық деректерді таладуды жүргізу, мемлекеттік статистика органдарының 2ФК, 5ФК, 7ФК, 8ФК есептеріне қорытынды (жартыжылдық, жылдық) материалдарды ұсыну;
- Қазақстан Республикасы, Әлем, Олимпиада ойындарының спорттық рекордарын және Қазақстан Республикасы спортшыларының жоғарғы жетістіктерін есепке алу кітабын жүргізу;
- Спорт мамандарына спорт шеберi, еңбек сiңiрген спорт шеберi, халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, жоғары біліктiлiк санаттарын беру және спорт шеберiне кандидат пен бірiншi спорттық разряд спорттық разрядтары, меншік нысанына қарамастан спорт мамандарына біліктiлiгi бірiншi деңгейдегi бірiншi санаттарын беру бойынша материалдардың есебін жүргізу;
- Облыстық спорттық-бұқаралық іс-шараларының күнтізбелік жоспарын әзірлеу, бекіту және іске асыру;
- Облыстық жекелеген спорт түрлеріне арналған спорттық-бұқаралық іс-шараларының, күндерінің, апталықтарының күнтізбелік жоспарларын әзірлеу
- Дене шынықтыру және спорт саласына қатысты аумақтық бағдарламалардың орындалуына бақылау жасау және ақпарат ұсыну;
- өкілетті органдардың талаптары бойынша басқа да Басқарманың мәселелері бойынша есептілікті ұсыну.
4. Басқарма өкілетті органдарға есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне қарсы мынадай жұмыстардың талдауын ұсынады:
1) сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жұмыс;
2) кадрлық жұмыс бойынша – кадр бөлімі;
3) мемлекеттік тілдің дамуы бойынша.
5. Басқарма қызметінің талдаулары жұмыс нәтижелерінің жалпы және жекелеген аудандары бойынша оң және теріс бағалауларының мазмұнын, анықталған кемшіліктердің себептері мен шарттарын, Басқарма қызметінің проблемалық мәселелерін және оларды жою бойынша ұсыныстарын қамтуы тиіс.
6. Басқарманың ұйымдастырушылық және құқықтық жұмыс бөлімі (бұдан әрі –Ұйымдастырушылық бөлім) басқа бөлімдер жүргізген талдаудың негізінде Басқарма қызметінің нәтижелері туралы жинақталған ақпаратты тоқсан сайын келесі айдың 10 күніне қарай дайындайды.

3. Басқарманың жұмысын жоспарлау
7. Басқарманың жұмысы жоспарлау негізінде құрылады. Басқарманың негізгі іс-шараларының жоспарлары Басқарма басшысымен, ал Басқарманың жекелеген мәселелері бойынша іс-шаралары басшының орынбасарымен өзінің құзыретіне сәйкес бекітіледі.
8. Басқарманың ұйымдастырушылық және құқықтық жұмыс бөлімі (бұдан әрі осы бөлімде – Бөлім) Басқарманың Жұмыс жоспарын бір жылға жыне алдағы тоқсанға әзірлеуді жүзеге асырады.
9. Басқарманың Жұмыс жоспары мынадай бөлімдерден қалыптасады:
1) алдағы жылға және тоқсанға, айға қоғамдық-маңызды іс-шаралар;
2) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың жылдық күнтізбелік жоспары;
3) ведомстволық бағыныстағы мекемелердің директорларының қатысуымен жиналыстар;
4) Басқарма басшысының, оның орынбасарының төрағалық етуімен өтетін аппаратық мәжілістер;
5) Басқарма басшысының, оның орынбасарының төрағалық етуімен өтетін Басқарма алқасының, жұмыс топтарының отырыстары;
6) ұйымдастырушылық-бақылау жұмысы;
7) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс;
8) кадрлық саясатты іске асыру бойынша жұмыс;
9) мемлекеттік қызметтер сапасына мониторинг және ақпараттық технологияларды дамытуды ұйымдастыру бойынша жұмыс;
10) Басқарманың қаржылық қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыс.
10. Бөлім Басқарманың мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен келісілген Басқарманың жұмыс жоспарының жобасын Басқарма басшысының бекітуіне жоспарланған кезеңнің басталуынан бес күн бұрын енгізіледі.
Басқарманың өзге жоспарларын қалыптастыру Басқарма басшылығы белгілеген мерзімдерде жүзеге асырылады.
11. Қолданыстағы жоспарларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу Басқарма бөлім басшыларының ұсынысы негізінде енгізіледі және Басқарма басшысымен не Басқарманың жоспарын бекіткен тұлғамен бекітіледі.
12. Басқарманың ведомстволық бағыныстағы мекемелер бекітілген тоқсандық жоспарларын Басқарманың ұйымдастырушылық және құқықтық жұмыс бөліміне тоқсан сайын айдың 5 күніне қарсы, ал алдыңғы тоқсанның жоспарының орындалуы туралы анықтаманы есептік тоқсаннан кейінгі айдың 5 күнінің қарсаңына ұсынады.
13) Басқарманың бөлімдері ұйымдастырушылық және құқықтық жұмыс бөліміне жылдық жоспардың орындалуы туралы анықтаманы ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына және аралық ақпаратты тоқсан сайын есептік тоқсаннан кейінгі айдың 5 күнінің қарсаңында ұсынады.
14. Жылдық жоспардың жекелеген тармақтары бойынша анықтаманы Басқарманың бөлімдері ұйымдастырушылық және құқықтық жұмыс бөліміне ұсынады.

4. Басқарма басшысының жұмыс кестесін қалыптастыру
15. Басқарма басшысының алдыңғы айға жұмыс кестесін (бұдан әрі осы бөлімде – жұмыс кестесі) ұйымдастырушылық және құқықтық жұмыс бөлімі (бұдан әрі осы бөлімде – Бөлім) қалыптастырады.
16. Жұмыс кестесіне мыналар енгізіледі:
1) аппараттық мәжілістер (әр дүйсенбі сайын);
2) қоғамдық-маңызды іс-шаралар (өткізу мерзімі бойынша);
3) алқаның консультативтік-кеңес органдарының отырыстары (тоқсанына бір рет);
4) бағдарламалық құжаттарды іске асыру бойынша ведомстволық бағыныстағы мекемелер директорларының есептерін тыңдау бойынша мәжілістер (айына екі рет, сондай-ақ қажеттігіне қарай);
5) азаматтарды жеке қабылдау (бекітілген кестеге сәйкес айына 3 рет);
6) облыс орталығындағы және басқа аймақтардағы объектілерді инспекциялық аралау (қажеттігіне қарай);
7) облыс әкімінің тапсырмалары бойынша өзге де іс-шаралар мен мәжілістер.
17. Басқарманың құрылымдық бөлімшелері ай сайын ағымдағы айдың 25 күнінен кешіктірмей өткізудің тиімділігін, уақытын және орынын қысқаша негіздемемен қоса іс-шаралар мен мәжілістердің жұмыс кестесіне енгізу бойынша Басқарма басшысының орынбасарымен келісілген және қол қойылған ұсыныстарын Бөлімге ұсынады.
18. Ұсынылған ұсыныстардың негізінде Бөлім жұмыс кестесін қалыптастырады және оны Басқарма басшысына келісуге ағымдағы айдың 26 күнінен кешіктірмей енгізеді.
Жұмыс кестесі Басқарма басшысының нұсқау бойынша өзгертуі мүмкін.

5. Азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру
19. Басқармаға тікелей өтініш жасаған азаматтарды жеке қабылдау немесе Басқарма басшысының, оның орынбасарының қабылдауына алдын ала жазылу үшін өтініш жасағандарды тіркеуді кестеге сәйкес (айына үш рет) хатшы-референт ұйымдастырады.
20. Жеке қабылдау төмендегі талаптарға сәйкес келетін, жазбаша түрде, электрондық сұраным немесе жеке ауызша өтініш жасау түрінде түскен өтініштер негізінде жүзеге асырылады:
- азаматтың жеке қабылдау туралы өтініші жасырын (аты-жөні көрсетілмеген) болмауы тиіс (өтініш берушінің байланыс деректерін көрсету);
- азаматтың өтініші (ауызша да, жазбаша да) өтініштің мәнін негіздейтін немесе түсіндіретін, сондай-ақ сол мәселесінің төменірек деңгейде шешімін таппағандығын растайтын материалдар және құжаттармен дәлелденуі тиіс;
- азаматтың ұсынған материалдары басқа тұлғалардың абыройы мен намысына тиетін мәтіндерді қамтымауы тиіс;
- азаматтың өтініші мәселенің мәнін ашуы және «жеке мәселе бойынша» санатына жатпауы тиіс;
- азаматтың қайталап өтініш жасаған жағдайында – бұрынырақ қабылданған шешімге ықпал ететін жаңа дәлелдемелердің немесе жағдайлардың болуын қамтуы тиіс.
21. Қабылдауға алдын ала жазылуды жүзеге асырған кезде, ауызша өтініштің мазмұны басқа мәліметтермен бірге азаматты жеке қабылдау парақшасына енгізіледі.
22. Жеке қабылдау кезінде қабылданған азаматтардың жазбаша өтініштері белгіленген тәртіпте тіркеледі және олармен әрі қарай жалғастырылатын жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіпте атқарылады.
23. Егер өтініш қабылдау кезінде шешімін таппаса, онда ол жазбаша нысанда баяндалып, онымен жұмыс жазбаша өтінішпен жұмыс жасау ретінде жалғастырылады.
24. Басқарма басшысының шешімі бойынша оның азаматтарды қабылдауын өткізуге аппараттың өзге де қызметкерлері тартылуы мүмкін.

5.1. Азаматтарды орынбасардың және Бөлім басшыларының қабылдауы
25. Басқарма басшысының орынбасары азаматтарды жеке қабылдауды бекітілген кестеге сәйкес айына үш рет жүргізеді.
26. Бөлімдер басшылары азаматтарды әр сәрсенбі сайын қабылдайды.
27. Егер қабылдау кезінде азаматты толғандырған мәселе қарапайым және қосымша тексеруді талап етпейтін болып табылса, азаматтың келісімімен өтінішке жауапты жеке қабылдау барысында ауызша беруге болады. Басқа жағдайларда көтерілген мәселелердің мәні бойынша жазбаша жауап беріледі.
28. Егер жеке қабылдау кезінде қабылдау уақытында бірден шешімі табылмайтын жаңа мәселелер пайда болса, азаматқа толғандырған мәселелерін жазбаша өтініпен баяндау ұсынылады.

6. Аппараттық мәжілістерді өткізу
29. Басқарма басшысындағы аппараттық мәжілістер апта сайын әр дүйсенбі күні өткізіледі.
30. Басқарма басшысындағы аппараттық мәжілісте Басқарма басшысы орынбасарының, Басқарма бөлімдері басшыларының атқарылған жұмысы туралы есептері қарастырылады.
31. Алқада талқылауды талап етпейтін қызметті ұйымдастыру мәселелері Басқарма басшысының, оның орынбасарының жанындағы Басқарманың аппараттық мәжілістерінде қарастырылады.
32. Аппараттық мәжіліс қатысушыларының құрамын қарастырылатын мәселеге байланысты, аппараттық мәжілісте төрағалық етуші айқындайды.
33. Аппараттық мәжілісті Басқарма басшысы немесе оның орынын ауыстырушы тұлға бекіткен кестеге сәйкес апта сайын әр дүйсенбіде басшы немесе оның орынбасары өткізеді, оларға қызметтің ішкі ұйымдастырылуы мәселелері жөніндегі Басқарманың бөлім басшылары қатысады (қажет болған жағдайда – Басқарманың ведомстволық бағыныстағы мекемелерінің басшылары қатыстырылады).
34. Басқарманың аппараттық мәжілісінің қарастырылатын мәселелер шеңберіне: ведомстволық бағыныстағы мекемелердің, Басқарма бөлімдерінің ұйымдастырушылық қызметінің жай-күйі, жұмыс нәтижелерін жақсарту бойынша шаралара, атқарушылық тәртіптің жай-күйі, бөлімдер басшыларының жауптары, ағымдағы мәселелер жатады.
35. Басқарманың аппараттық мәжілістерінің шешімдері мен тапсырмаларының жобалары мәжілісте төрағалық етушіге қол қойғызу үшін, мәжіліс өткізілгеннен кейінгі 3 күндік мерзімде қсынылады.
7. Ведомстволық бағыныстағы мекемелер директорларымен мәжілістер өткізу
36. Бағдарламалық құжаттарды іске асыру бойынша ведомстволық бағыныстағы мекемелер директорларының есептерін тыңдау жөніндегі мәжілістер айына екі рет, сондай-ақ өндірістік қажеттігіне қарай өткізіледі.
37. Ведомстволық бағыныстағы мекемелер директорларымен өткізілетін мәжілістер алқа мәжілістеріне сәйкес ұйымдастырылады және дайындалады.
38. Директорлармен қарастырылатын мәселелер шеңберіне мыналар жатады: ведомстволық мекемелердің ұйымдастырушылық қызметінің жай-күйі, жұмыс нәтижелерін жақсарту бойынша шаралар, орындаушылық тәртіптің жай-күйі, ағымдағы мәселелер.
39. Директорлармен өткізілген мәжілістердің шешім жобалары төрағалық етушіге қол қойғызу үшін мәжіліс өткізілгеннен кейінгі 3 күндіу мерзімде ұсынылады.

8. Алқалық жұмысты ұйымдастыру
40. Басқарманың алқалық жұмысының нысандары: алқа отырыстары; аппаратық мәжілістер, ведомстволық бағыныстағы мекемелер директорларымен мәжілістер.
41. Алқа отырысы консультативтік-кеңестік орган болып табылады. Алқаның шешімдері Басқарма басшысы қол қойған хаттамалық шешімдермен ресімделеді, олар орындаушылардың назарына жеткізеді.
42. Ведомстволық бағыныстағы мекемелердің, Басқарма бөлімдерінің қызметін жетілдіру бойынша шешімдерді қарастыру және дайындау мен жалпы Басқарма қызметінің тиімділігін арттыру бойынша мәселелер алқаның негізгі міндеті болып табылады.
43. Басқарма басшысы тиісті бұйрыққа сәйкес Алқа төрағасы болып табылады, ол алқаның жұмысын ұйымдастырады және басқарады. алқа шешімі қабылданған кезде Басқарма басшысының дауысы шешуші болып табылады.
44. Басқарма басшысы өзінің бұйрығымен алқаның сандық және персоналдық құрамын бекітеді, әдетте оған орынбасары, бөлімдер басшылары және өзге де лауазымды тұлғалар кіреді, сондай-ақ басшы алқы отырысын дайындаудың және өткізудің тәртібін айқындайды. Алқа отырысына өзге де мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың өкілдері шақыртылуы мүмкін.
45. Алқа отырыстары жоспарға сәйкес тоқсан сайын немесе Басқарма басшысының нұсқауына байланысты өткізіледі. Қажет болған кезде алқаның көшпелі отырыстары ұйымдастырылады.
46. Алқаның жұмыс жоспарын және күн тәртібін ұйымдастырушылық және құқықтық жұмыс бөлімі алқа мүшелерінің, ведомстволық бағыныстағы мекемелер басшыларының, Басқарма басшысының орынбасарының, бөлімдер басшыларының ұсыныстарын ескере отырып әзірлейді және Басқарма басшысымен бекітіледі.
47. Басқарма бөлімдері алқаға материалдар дайындау үшін ұйымдастырушылық және құқықтық жұмыс бөліміне басқарма басшысының орынбасарымен келісілген алқаға шақырылған тұлғалардың тізімін, көтерілетін мәселелерді және ведомстволық бағыныстағы мекемелер жұмысына қойылатын талаптарды, алқа шешімінің жобасына ұсыныстарын, сондай-ақ Басқарма басшылығының баяндамасына қызметтің қорытындылары, кемшіліктері проблемалық мәселелері туралы және жақын перспективадағы міндеттер туралы бөлімді отырыстың өткізілуі жоспарланған кұннен 10 күн бұрын ұсынады.
Алқа шешімінің жобасына 2 парақтан аспайтын көлемдегі ұсыныстар қызметті жетілдіру бойынша, жұмыстағы орын алған кемшіліктерді жою бойынша, негіздей отырып ынталандыру мен тәртіптік жазалау бойынша шараларды қамтуы тиіс.
Басқарма басшылығы материалдарды ұсыну мерзімдерін өзгерте алады, сондай-ақ Басқарма алқасының отырысына қажетті құжаттардың тізілімін белгілеуі мүмкін.
48. Басқарма басшысына және алқа мүшелеріне алқа материалдарын ұйымдастырушылық және құқықтық жұмыс бөлімі алқа отырысы басталғанға дейін кемінде 5 күн бұрын ұсынылады. Алқа отырысының қарауына енгізілетін материалдардың уақытылы және сапалы дайындалуына жауапкершілікті ведомстволық бағыныстағы мекемелер басшылары, Басқарма бөлімдерінің басшылары, Басқарма басшысының орынбасары мойныдарына алады.
49. Басқарма алқасы шешімінің жобаларына қол қою үшін олар төрағалық етушіге алқа өткізілгеннен кейінгі 3 күндік мерзімде ұсынылады.
50. Төрағалық етуші қол қойғаннан кейін алқа шешімдері тіркеледі және оларды ұйымдастырушылық және құқықтық жұмыс бөлімі мүдделі бөлімдер мен орындалуы міндеттелген Басқарманың ведомстволық бағыныстағы мекемелеріне жібереді.
51. Алқа шешімдерінің орындалуына дербес жауапкершілікті бөлімдер басшылары мен орындалуы міндеттелген Басқарманың ведомстволық бағыныстағы мекемелерінің басшылығы мойындарына алады.

9. Басқарма комиссиялары
52. Басқармада ҚР заңғамасы нормаларының сапалы жұмыс істеуі және орындалуы үшін мынадай комиссиялар құрылады:
1) конкурстық комиссия (мемлекеттік қызметке тағайындау бойынша);
2) тәртіптік комиссия;
3) мемлекеттік қызмет өтілін белгілеу жөніндегі комиссия;
4) сараптамалық комиссия (Басқарманың мұрағат істері мен іс жүргізуі бойынша);
5) инспекциялық комиссиялал (ведомстволық бағыныстағы мекемелерде тексеру жүргізу жөніндегі комиссиялар);
6) мемлекеттік сатып алу жөніндегі комиссиялар;
7) қажеттілігіне қарай өзге де комиссияларү

10. Ұйымдастырушылық-билік етуші құжаттар
53. Ұйымдастырушылық-билік етуші құжаттарын (бұйрықтар, нұсқаулар, Басқарма бөлімдерінің ережелері және т.с.с.) жобаларын Басқарма бөлімдері алқа отырыстарының шешімдері, Басқарма басшысы немесе оның орынбасары өткізген жоспарлы отырыстардың шешімдері бойынша немесе бастамышалақ тәртіпте дайындайды. Соңғы жағдайда ұйымдастырушылық-билік етуші құжаттың жобасына бөлім басшысының Басқарма басшысының атына тиісті негіздемені келтіре отырып жазылған қызметтік жазбахаты қоса беріледі.
54. Басқарма басшысымен келісе отырып, оның орынбасары белгіленген құзыретінің шегінде қызметтің бағыттары бойынша нұсқаулар бере алады.
55. Ұйымдастырушылық-билік етуші құжаттардың жобалары Басқарманың мүдделі бөлімдерімен және ұйымдастырушылық, құқықтық жұмыс бөлімімен келісіледі.
56. Басқарманың қызметіне қатысты ұйымдастырушылық-билік етуші құжаттардың жобаларына бөлім басшысы (бастамашы), заңгер және басшының орынбасары қол қояды.
57. Басқарманың қызметін ұйымдастыруға қатысты ұйымдастырушылық-билік етуші құжаттардың көшірмелері (құпия құжаттардан басқа) ұйымдастырушылық, құқықтық жұмыс бөлімі тапсырылуға тиіс.
58. Жеке құрам бойынша бұйрықтарды тіркеу және сепке алу, әс қағаздарын және электрондық құжатайналымын жүргізу Басқарманың кадр жұмысы бойынша маманмен қамтамасыз етіледі.
59. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу мен қарауды ұйымдастыру және оларды қабылдау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
60. Ұйымдастырушылық-билік етуші құжаттардың жобалары Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады. Аудармашының аударуына құжаттар қол қойғанға дейін кемінде 1 күн бұрын ұсынылады, бұл орайда А4 форматты 1 бет 2 сағат бойына аударылатындығын ескеру қажет.

11. Кіріс және шығыс хат-хабарлардың қозғалысы
61. Басқармаға келіп түске барлық тапсырмалар мен кіріс хат-хабарлары Басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бойынша хатшы-референтімен электрондық деректер базасында («ЕСЭДО» немесе басқа) тіркеу-бақылау карточкаларында тіркеледі. Құжаттың бірінші бетінде кіріс нөмірі, тіркеу күні және парақтыр саны көрсетілген мөртаңба қойылады. Танысу парағына «Бақылауға алынды» мөртаңба қойылады.
62. Құжаттар Басқарма басшылығына беріледі, олар құжаттарды қарастырып, тапсырмалар береді (қарарлар).
63. Басқарма басшысының тапсырмасы бойынша жоғарыда айтылған тапсырмаларды іске асыру бойынша ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспары қажет болған жағдайда бекітіледі.
64. Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бойынша хатшы-референті актілер мен тапсырмаларды уақытылы орындалуына әрі қарай бақылау жасауды жүзеге асырады.
«Әкім блогына»  келіп  түскен  өтініштерді Басқарма  қызметкерлері Қарағанды облысының әкімдігіне қағаздағы және элетрондық нұсқадағы жауапты қоса ұсына отырып 3 күн ішінде қарастырады.
Кіріс және шығыс хат-хабарларының өту тәртібі, сондай-ақ ведомстволық және басқа да нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындау Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Іс жүргізу бойынша нұсқаулықпен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен регламенттеледі.
65. Хат-хабарларды Басқарма басшысының қарауына енгізу белгіленген уақыттарда жүзеге асырылады:
- ағымдағы күнгі сағат 11.00-де Басқарма басшысына алдыңғы күннің кешкі поштасы енгізіледі;
- сағат 17.00-де ағымдағы кұні күндізгі уақытта келіп түскен хат-хабарлар енгізіледі.
66. Хат-хабарларды енгізудің басқа тәртібі Басқарма басшысымен келісім бойынша белгіленуі мүмкін.

12. Ақпараттық-әдістемелік сипаттағы тапсырыстарды, тапсырмаларды, құжаттарды дайындау және жергілікті жерге жіберу
67. Ведомстволық бағыныстағы мекемелерге тапсырмалар мен тапсырыстар Басқарма басшысысы немесе оның орынбасары Басқарма басшысымен келісе отырып қол қойғаннан кейін жіберіледі.
68. Басқарма бөлімдеріне қандай да бір мәліметтерді ұсыну бойынша тапсырмалар мен тапсырыстар Басқарма басшысысы немесе оның орынбасары Басқарма басшысымен келісе отырып қол қойғаннан кейін жіберіледі.
69. Ақпараттық хаттар, шолулар, әдістемелік құралдар және қзге де ақпараттық-талдау құжаттары Басқарма басшысысы немесе оның орынбасары қол қойғаннан кейін жіберіледі.
70. Дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі халықаралық қатынастар мәселелері бойынша құжаттар облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарымен келісіледі және оған Басқарма басшысы қол қояды.

13. Қызметтік іссапарларды ұйымдастыру
71. Басқармада қызметтік іссапарлардың мынадай түрлері жүзеге асырылады:
1) практикалық және әдістемелік көмек көрсете отырып кешендік инспекциялау (тексерістер);
2) нысаналы қызметтік іссапарлар;
3) қызметтік іссапарлардың өзге түрлері.
72. Қызметтік іссапарлардың ұзақтығы қолданыстағы заңнамамен регламенттеледі.
73. Ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсете отырып инспекциялау үшін, қызметтің жекелеген мәселелері бойынша тексерулер жүргізу үшін Басқарма қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары әдетте Басқарманың жұмыс жоспарларына, Дене шынықтыру және спорт істері бойынша Комитеттің, тексеруді өткізу туралы бұйрық болған жағдайда Басқарма басшысының нұсқауларына сәкес жүзеге асырылады. Басқарма қызметкерлерінің Қарағанды облысынан тыс қызметтік іссапарлары Басқарма басшысының жазабаш рұқсатымен жүзеге асырылады.
74. Кадрлық жұмыс маманы Басқарманың бөлімдері басшыларымен келісе отырып, кешенді тексерулер үшін жұмыс тобының құрамын қалыптастырады және Басқарманың тиісті бұйрық жобасын дайындайды. Жұмыс тобының басшысы әдетте бұйрықпен ресімделеді. Нысаналы қызметтік іссапарлар кезінде Басқарманың бұйрық жобасын құзыретіне тексеру мәселелері жататын Басқарманың ұйымдастырушылық және құқықтық жұмыс бөлімі дайындайды.
75. Тескеріс жүргізу кезінде жұмыс тобының мүшелерің тексерілетін қызмет мәніне қатысты қосымша құжаттарды ұсынуды талап етуге, олардан көшірмелер жасауға, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдар қызметкерлерінен түсініктемелерді талап етуге құқықтары бар. Тескеріс жүргізу кезінде ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларынан түсініктемелерді тек қана жұмыс тобының басшы талап етуге құқылы.
76. Басқарманың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының жұмысын ұйымдастырумен байланысты нысаналы қызметтік іссапарлар Басқарманың тоқсандық жұмыс жоспарында алдын ала қарастырылуы тиіс.
77. Тексеріс қорытындылары бойынша топтың жетекшісі тексеріс нәтижелері туралы Басқарма басшысына кешіктірмей баяндауға міндетті, ол ұсынылған материалдардың нысаны мен іске асыру мерзімдері туралы шешім қабылдайды.
78. Басқарма бөлімдер басшыларының және мамандарының облыстық немесе республикалық ауқымдағы семинарларға, конференцияларға және өзге де іс-шараларына қызметтік іссапарлары Басқарма басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның рұқсатымен жүзеге асырылады.
79. Ісспарға жіберу туралы бұйрықты Басқарманың кадрлық жұмыс бойынша маманы дайындайды.
80. Басқарма мамандарын Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге іссапарлары Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілеріне сәкес жүзеге асырылады. Басқарма маманын Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге қызметтік іссапарын дайындаған кезде ол жөнінде облыс әкісінің жетекшілік ететін орынбасарына хабарланады.

14. Атқарушылық тәртіпке және ісқағаздарын жүргізуге жалпы бақылау
81. Басқармадағы атқарушылық тәртіпке және ісқағаздарын жүргізуге жалпы бақылау Басқарманың іс-жүргізуші-хатшысына жүктеледі. Бақылауды ұйымдастыру, оның ішінде Басқарманың өзінің қабылдаған шешімдері, іс-шаралар жоспары, тапсырмалары егер аталған құжаттарда бақылау нақты лауазымды тұлғаға жүктелмесе іс-жүргізуші-хатшыға жүктеледі
Еңбек және атқарушылық тәртіпке бақылау жүргізу персоналды басқару бойынша бас маманға жүктеледі.
82. Басқарманың бөлімдері жоспарлық іс-шараларының, алқа шешімдерінің, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар директорларымен аппараттық мәжілістердің, Басқарманың басшылығының бұйрықтарын, нұсқаулықтарының, нұсқауларының орындалуын бақылаудан алу үшін ұйымдастырушылық және құқықтық жұмыс бөліміне орындалуы туралы растаушы құжаттың көшірмесін ұсынады.
83. Басқарманың бөлімдері өздерінің құзыреттері шегінде Басқарма басшысының жанындағы алқа және мәжілістер шешімдерінің бұйрықтарын, нұсқаулықтарының, нұсқауларының орындалуына, егер осы құжаттарда орындалуы және бақылау аталған бөлімге жүктелсе, өз құзыреттері шегінде ішкі бақылауды қамтамасыз етеді. Бөлімдердегі бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін жауапкершілік бөлім басшыларына жүктеледі.
84. Қажет болған жағдайда бақылауды ұйымдастыру үшін тиісті іс-шаралар әзірленеді.
85. Басқарма қабылдаған шешімдердің, жоспарлық іс-шаралардың орындалуына дербес жауапкершілік бөлімдер басшыларына өз құзыреттері шегінде жүктеледі.
86. Бақылау мына жолдармен жүзеге асырылады.
- қажетті ақпаратты талап ету;
- орындалуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау, талқылау;
- ревизиялау және құжаттық тексерулердің өзге нысандары;
- жергілікті жерге бара отырып тексеру;
- өзге де заңнамаға қайшы келмейтін тәсілдермен.
86. Бақылау:
- бөлімдер және лауазымды тұлғалармен жүргізілетін жұмыстың алдарына қойылған міндеттермен сәйкестігі;
- орындалудың уақыттылығы толықтығы;
- Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарын сақтау мәндеріне жүргізіледі.
88. Бақылау міндеттерін жүзеге асыратын іс жүргізуші-хатшыға құжаттардың нақты орындалуы немесе орындалмау себептерін тексеру, Басқарма бөлімдерінен бақылауға алынған іс-шараларға қатысты қосымша мәліметтерді талап ету құқығы ұсынылады.
89. Апаның әрбір сәрсенбі күнін іскерлік хат-хабарлармен жұмыс жүргізу күні ретінде айқындау қажет (хаттар күні).
90. Апаның әрбір жұма күнін облыс әкімінің, Басқарма басшысының, оның орынбасарының тапсырмалары бойынша, сондай-ақ барлық кіріс хат-хабарлары бойынша «Бақылау күні» айқындау қажет. «Бақылау күнінің» нәтижелері Басқарманың аппараттық мәжілісінде (әрбір дүйсенбіде) хабарланады. Бақылауды ұйымдастырушылық және құқықтық жұмыс бөлімі жүзеге асырады.
91. Іс жүргізу мемлекеттік және орыс тілдерінде атқарылады.

15. Басқарма қызметкерлерінің кәсіби дайындығы
92. Басқарма қызметкерлері біліктіліктерін құқықтық жаппай оқытудың және дайындаудың біліктілікті арттыру және қайта даярлықтан өту сабақтарында бекітілген кестеге сәйкес арттырады.
93. Семинарлар мен мәжілістер, ғылыми-практикалық конференциялар Басқарманың жұмыс жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

16. Жұмыс режимі
94. Басқармада мынадай жұмыс кестесі белгіленген:
1) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден сағат 18-30-ға дейін;
2) түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін.
95. Басқарма мамандары өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде ресми-іскерлік киімде болулары тиіс.
96. Қызметкерлер жұмыс күнінің басында қызметтік кабинеттерінің кілттерін қабылдап алады, ал жұмыс күні аяқталғаннан кейін бақылау-өткізу бекетіне қол қойып тапсырады.

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика