Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 18 Қараша (05:36)
Официально

Язык: Қазақша

2017 ЖЫЛҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫЛАР

2017 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ жергілікті атқарушы органының қызметі туралы есеп

1. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Тізімдемесіне сәйкес «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ (бұдан әрі - Басқарма) 4 қызмет түрін көрсетеді, олардың ішінде:

  1. спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру;
  2. Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу;
  3. «Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру»;
  4. «Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру».

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы «бір терезе» принципі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қолжетімді болуы үшін Қарағанды облысында 34 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың бірі мемлекеттік қызмет көрсетеді, яғни ол - Басқарма.
Стандарттарға сәйкес балама негізінде «Электрондық Үкімет» веб-порталы және қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы бір қызмет көрсетіледі.
Соңғы 2 мемлекеттік қызметтерді көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2017 жыл ішінде Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасымен жеке және заңды тұлғаларға 1 336 мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Соның ішінде: қағаз түрінде мемлекеттік органдар 15 мемлекеттік қызмет, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 1 321 қызмет. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Есептік кезең ішінде неғұрлым көп талап етілген мемлекеттік қызмет:
- «Спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» болды.
2015 жылы дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты (ҚР мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығы) және дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенті (Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 45/08 қаулысы) бекітілді.
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 03 шілдедегі №203 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйырқтарына згерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұйрық бірінші ресми жарияланған соң жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді (ҚР НПА эталондық бақылау банкінде электронды түрде 13.09.2017 ж. жарияланған) бұйрығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №139 бұйрығымен бекітілген дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік қызмет стандартына өзгеріс енгізілген.
Осыған байланысты Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы №45/08 «Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысында Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №83/05 қаулысына толықтыру енгізіілді (Қарағанды облысының Әділет департаменті 2018 жылғы 10 қаңтарда №4554  тіркеген).

 
2. Қызмет алушылармен жұмыс
Мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық стендтерде және Басқарманың ресми интернет-ресурсында http://karsport.kz  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тарауында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Стандарты және Регламенті, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімдемесі, Басқарманың көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізбесі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша нәтижелер, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағымдар тәртібі, «Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің порталы» және «Қарағанды облысының электрондық қызметтерінің порталы» баннерлері және қажетті ақпарат орналастырылған.
Тиісті тарауда қамтылған ақпаратты өзектендіру бойынша жұмыс жүйелі негізде жүргізіледі.
2017 жылғы есептік кезеңі бойынша Басқармамен 4 семинар-жиналыстар, «дөңгелек үстелдер» және басқа да мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қызмет алушыларына хабардарлығын жоғарлату бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттардың және регламенттердің  басты ережелерін түсіндіру іс-шаралары өткізілді (растау құжаттары бар).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша қызмет
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін автоматтандыруға және оларды электронды түрде көрсету сапасын арттыруға бірінші кезекте назар аударылады.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында Халыққа қызмет көрсету туралы ықпалдастырылған ақпараттық жүйе (ХҚКО ЫАЖ) модульдері арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімін сақтау үшін күн сайын бақылау өткізіледі.

4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылу фактілеріне жол бермеу мақсатында Басқарма жыл сайын мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша көрсеткіштерді жақсарту жөнінде шаралар жоспарын құрады.
ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментітің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасымен «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ ҚР мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша
2018 жылдың 7 ақпаны - 7 наурызы аралығында ішінара тексеріс жүргізілді. Тексеру кезеңі 2017 жыл және 2018 жылдың қаңтары.
Тексеріс шараларының қортындысы бойынша өрескел бұзушылықтыр анықталмады. Дегенмен, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 5 бабтың 2 тармағының 6) тармақшасының, яғни мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыру, сондай-ақ мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйрету жөнінде ұсыным берілді.
Бұл ұсыныс қысқа уақытта орындалды. Жоғарғы жетістіктер спорты және спорт резерві бөліміның бас маманы Увалиев Н.К. 27-28 наурызы күндері Астана қаласындағы Халықаралық «БОЛАШАҚ» академиясында «Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттар жүйесі және ақпараттық технологияларды қолдану. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін көтеру» тақырыбы бойынша білімін көтереді.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағым түскен жоқ.

5. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуын арттыру және одан арғы тиімділік перспективалары
Келешекте жеке және заңды тұлғалардың қолайлы және сапалы, соның ішінде электрондық форматта мемлекеттік қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылда ХҚКО, қызмет көрсетуші кеңсесі және «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы халықпен түсіндіру жұмыстары жалғастырылады.
Ішкі бақылау, семинарлар, құқықтық жаппай оқу өткізу кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттардың және регламенттердің  түсіндіру бойынша жұмыстар жалғастырылады.
Жалпы, 2018 жылы мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұранысын ескеріп, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жоғарлатуға бағытталады.

Дата редактирования: 12.06.2018

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика