Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 22 Мамыр (02:54)
Официально

Язык: Қазақша

1414 - Бірыңғай байланыс орталығы

«Электрондық үкімет» порталының Бірыңғай байланыс орталығы қалай жұмыс істейді
Порталмен жұмыс жасаған кезде көптеген пайдаланушылар қандай-да бір қызметті немесе ақпаратты алу кезінде белгілі бір қиындықтарға тап болуы мүмкін. Осы пайдаланушыларға «Call-орталық», «Кері байланыс» сөздері және «1414» нөмірі таныс болып келеді.
«Электрондық үкіметтің» Бірыңғай байланыс орталығы өз жұмысын 2010 жылғы 1-қаңтарда бастады. Орталық жұмысының қызмет көзі мемлекеттік қызметтерді алу бойынша халыққа кеңес беруге, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша шағымдар мен ұсыныстар қабылдауға бағытталады.
Кәсіби кеңесші – риза клиент
Бірыңғай байланыс орталықтың тиімді жұмысының 80%-ы кәсіби дайындалған персоналға қатысты екені баршамызға мәлім. Оператордың сапалы жұмысына қарап клиенттер ұсынылатын қызметтердің сапалық мен сенімділік деңгейін анықтайды. Сондықтан да барлық операторларға міндетті түрде коммуникабельділік, сауатты сөйлеу, нақты мақам, сөзді дұрыс айту, адамдармен сындарлы жұмыс жасай білу талаптары қойылады. Айта кету керек, egov.kz Бірыңғай байланыс орталығы қызметкерлерінің сандық арасалмағында қыздар ер жігіттерге қарағанда үш есе көп болып келеді. ББО қызметкерлерінің жалпы саны - 129 адамды құрайды.
Күнделікті әр оператор өз мәселелерінің жылдам шешілуін және оған әп-сәтте әрекет етуін күтетін ондаған клиентпен сөйлеседі. Орташа есеппен алғанда күніне орталық 10 мыңнан 12 мыңға дейін сұранымдарды өңдейді. Өңделген сұранымдардың рекордтық саны 2015 жылғы 17 тамызында тіркелді: бұл күні 16 682 қоңырау шалу өңделді.
2010 жылы -75 793 өтініш.
2011 жылы - 297 636 өтініш.
2012 жылы - 1 171 668 өтініш.
2013 жылы - 2 657 094 өтініш.
2014 жылы - 3 512 118 өтініш.
Бірыңғай байланыс орталыққа келіп түсетін әр қоңырау тіркеледі және сапаны бақылаудың арнайы жүйесіне жазылады. Егер оператордың атына қызмет көрсету мен кеңес беру сапасы туралы ескерту келіп түссе, онда орын алған әңгімені басшылық тыңдайды және оператордың әрекеті заңсыз екендігі расталған жағдайда қызметкерге қатысты тиісті тәртіптік жаза қолданылады.
Ағымдағы жылы Бірыңғай байланыс орталығы EN 15838 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестікке сертификаттаудан ойдағыдай өтті.
Пайдаланушылар көбіне келесі сұрақтар бойынша жүгінеді:


Портал

ХҚКО

1

Мекен-жай анықтамасын алу

ҚР азаматтарына төлқұжаттар, жеке куәлік беру бойынша

2

Некені тіркеуге өтініш беру

Қазақстан Республикасының азаматтарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеу бойынша

3

Баланы балабақшаға кезекке қою

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен заңды өкілдерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) бойынша

4

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен заңды өкілдерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу және олармен мәмірлелер бойынша

5

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу және олармен мәмірлелер

Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама алу бойынша

6

Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама алу

Мекен-жай анықтамасын алу бойынша

7

Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу

Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу бойынша 

 
Операторлар көбінесе мына мәселелер бойынша кеңес береді:

Сондай-ақ 2016 жылдан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» Заңы бойынша кеңес алуға болады.
Бірыңғай байланыс орталықтан қалай кеңес алуға болады?
Бұл үшін тез есте сақталатын 1414 немесе 8-800-080-7777 нөмірлеріне қоңырау шалу керек, Қазақстан бойынша қоңырау шалу тұрақты және ұялы телефондар (ұялы байланыстың барлық операторларынан) арқылы да тегін, сондай-ақ www.1414.kz чатында хабарлама қалдыруға не болмаса  support@pki.gov.kz, sd@nitec.kz, egov@nitec.kz электрондық почтаға жазуға болады.
Қазақстандықтар тәуліктің кез келген уақытында мемлекеттік қызметтер көрсету туралы кеңес ала алады: Бірыңғай байланыс орталық күн сайын тәулік бойы жұмыс істейді.

Дата редактирования: 13.02.2017

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика