Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 25 Ақпан (02:10)
Біз әлеуметтік ауларда:
Официально

Язык: Қазақша

2015 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ жергілікті атқарушы органының қызметі туралы есеп

1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Тізімдемесіне сәйкес «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ (бұдан әрі - Басқарма) 2 қызмет түрін көрсетеді, олардың ішінде:
• спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру;
• Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу.

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы «бір терезе» принципі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қолжетімді болуы үшін Қарағанды облысында жергілікті атқарушы органдардың бір мемлекеттік қызметті көрсететін 30 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, соның ішінде 1 қызмет Басқарма  арқылы жүзеге асады.
Стандарттарға сәйкес балама негізінде «Электрондық Үкімет» порталы және қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы 1 қызмет көрсетіледі.
2015 жыл ішінде Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасымен жеке және заңды тұлғаларға 991 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Соның ішінде: қағаз түрінде мемлекеттік органдар 68 мемлекеттік қызмет, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 928 қызмет. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Есептік кезең ішінде неғұрлым көп талап етілген мемлекеттік қызмет:
«спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» болды.
2015 жылы дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты (ҚР мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығы) және дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенті (Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 45/08 қаулысы) бекітілді.
Қызмет алушылармен жұмыс

Мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық стендтерде және Басқарманың ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тарауында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Стандарты және Регламенті, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімдемесі, Басқарманың көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізбесі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша нәтижелер, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағымдар тәртібі, «Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің порталы» және «Қарағанды облысының электрондық қызметтерінің порталы» баннерлері және қажетті ақпарат орналастырылған.
Тиісті тарауда қамтылған ақпаратты өзектендіру бойынша жұмыс жүйелі негізде жүргізіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында 2015 жылғы қараша айында «ҰАТ» АҚ Қарағанды облысының ақпараттық технологиялар орталығымен бірлесе Басқармада Халыққа қызмет көрсету орталығының Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі орнатылды және ХҚКО ЫАЖ мемлекеттік қызмет көрсету бойынша оқыту-семинарлар өткізілді.
2015 жылғы есептік кезеңі бойынша Басқармамен  11 семинар-жиналыстар, «дөңгелек үстелдер» және басқа да мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қызмет алушыларына хабардарлығын жоғарлату бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттардың және регламенттердің  басты ережелерін түсіндіру іс-шаралары өткізілді (растау құжаттары бар). Олардың бірі: Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлігінің спорт және дене шынықтыру Комитетінің Төрағасы Е.Б.Қанағатовпен және облыстық спорт басқармаларының басшыларымен Қарағанды қаласында (Н.Әбдіров атындағы спорт сарайы) 2015 жылғы 20 мамырда «Спорт түрлері бойынша федерацияларды аккредиттеу» тақырыбында өткізілген Республикалық семинар.
2015 жылдың 26-27 қарашасында Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлігінің спорт және дене шынықтыру Комитеті дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша Республикалық семинар өтті, онда Қарағанды облысының өкілдері қатысты.
Семинарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына өзгертілер және толықтырулар еңгізу, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына сәйкес жұмыс тәртібі, ХҚКО-ның Кіріктірілген ақпараттық жүйесінде автоматталған жұмыс орнында құжаттардың электрондық көшірмелерін қабылдау және тіркеу т.с.с мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету саласында есеп беруді көпшілік талқылауда азаматтардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін Басқарма жылдық есептік кездесуінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сұрақтары қосылған. Есептерді көпшілікпен талқылау өткізу нәтижесінде сәйкес  қорытындылар дайындалған, «Мемлекеттік қызметтер» тарауында Басқарманың арнайы интернет-ресурсында орналасқан. 
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша қызмет

Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін автоматтандыруға және оларды электронды түрде көрсету сапасын арттыруға бірінші кезекте назар аударылады.
2015  жылы Басқарма ММ ХҚКО ЫАЖ арқылы электрондық форматқа көшуі жүзеге асырылған, бұлар:
1) Спорттық разрядтар және санаттар беру: спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында Халыққа қызмет көрсету туралы ықпалдастырылған ақпараттық жүйе (ХҚКО ЫАЖ) модульдері арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімін сақтау үшін күн сайын бақылау өткізіледі. ХҚКО ЫАЖ жүйелерінде техникалық бұзушылықтар жоқ. 
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылу фактілеріне жол бермеу мақсатында Басқарма жыл сайын мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша көрсеткіштерді жақсарту жөнінде шаралар жоспарын құрады.
2015 жылы Қарағанды облысы әкімдігі және ҚР мемлекеттік қызметтер істері жөніндегі агенттіктің Қарағанды облысы бойынша Департаментімен тоқсан сайын Басқарманың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын тексеру бойынша  ішкі бақылау өткізілді. Тексеріс нәтижесінде бұзушылықтар болған жоқ, басшыға кемшіліктерді жою туралы тапсырмалар берілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша арыздар келіп түскен жоқ.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуын арттыру және одан арғы тиімділік перспективалары

Келешекте жеке және заңды тұлғалардың қолайлы және сапалы, соның ішінде электрондық форматта мемлекеттік қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылда ХҚКО, қызмет көрсетуші кеңсесі және «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы халықпен түсіндіру жұмыстары жалғастырылады.
Ішкі бақылау, семинарлар, құқықтық жаппай оқу өткізу кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттардың және регламенттердің  түсіндіру бойынша жұмыстар жалғастырылады.
Жалпы, 2016 жылы мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұранысын ескеріп, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жоғарлатуға бағытталады.


 

Дата редактирования: 08.04.2016

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика