Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 20 Сәуір (22:14)
Официально

Язык: Қазақша

Бұқаралық спорттан – олимпиада медальдарына

Н.СУХОРУКОВА, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

Бұқаралық спорттан – олимпиада медальдарына

Қарағанды облысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын орындай отырып, елімізде халықты бұқаралық спортпен қамту көрсеткіштері бойынша үшінші жыл қатарынан бірінші орын алуда. Салауатты өмір салтын жоспарлы түрде насихаттап және спорттық инфрақұрылымды дамыта отырып, біз Қазақстанның ең спорттық облысы деген атақты сақтап қаламыз.
Бүгінде облыста 2 990 спорт ұйымы мен дене шынықтыру ұжымдары жұмыс істейді, олардың қызметтерімен 387 мыңнан астам адам қамтылған.
Басқарма жанында 49 спорт ұйымы жұмыс істейді, соның ішінде 40 БЖСМ, Ә.Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, Олимпиадалық резервті дайындау орталығы, Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі, 29 407 адамды қамтитын 6 кәсіптік клуб.
Сондай-ақ облыста 43 федерация, 11 246 адамды қамтыған 103 аула клубы, жалпы білім беретін мектептерде 79 316 оқушыны қамтыған 2 315 спорт секциясы, ЖОО-да 9 спорт клубы және 13 012 адамды қамтыған 109 секциясы жұмыс істейді.

Жоғарғы жетістіктер спорты

Облыста спортты дамытудың бір бағыты спорт резервін дайындау және спорттың жоғарғы жетістіктерін қамтамасыз ету болып табылады.
Облыста спорттың 81 түрі бойынша кең тарау алған. Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасына облыстың 1 018 спортшысы кірді, оның ішінде;. 385-і – негізгі құрамға, 303 – жастар, 330 – жасөспірімдер құрамасына кірді.
Есептік кезеңде 18 спортшыға «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 128 спортшыға «Спорт шебері» атағы берілді, 511 спортшы «Спорт шеберіне үміткер» дәрежесіне ие болды.
Облыс спортшылары түрлі деңгейдегі 632 жарысқа, оның ішінде 92 облыстық, 380 республикалық, 160 халықаралық жарысқа қатысып, 50 мыңнан астам спортшы жарыстарда 7 227 жүлдеге ие болды.
Қарағандылық спорттың 2014 жылдағы басты табыстарының бірі – «Сарыарқа» хоккей клубының ресейлік Жоғарғы хоккей лигасының «Братина» кубогын жеңіп алуы. Осы абыройлы халықаралық турнирдің бас жүлдесі алғаш рет шетелдік командаға бұйырды.
Нанкиндегі жасөспірімдер Олимпиадасында біздің спортшылар Абылайхан Жүсіпов пен Қуатбек Мұхатбек екі алтын медальға иеленді. Қарағандылықтар құрылықтың басты жарыстары – Азия ойындары өткен Инчхон қаласынан 9 медаль олжалап қайтты. Біздің академиялық есу, синхронды жүзу, дзюдо, ушу, грек-рим күресінің спортшылары Азиядағы алдыңғы орындарға шығып, әлемдік біріншіліктерде де Қазақстан құрамаларының негізін құрады.
«Шахтер» футбол клубы армениялық «Ширак» клубын және литвалық «Атлантаса» клубтарын жеңіп УЕФА Еуропа Лигасының екі іріктеу кезеңінен өтті. Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне өту үшін шешінші кездесуде хорватиялық «Хайдук» командасына есе жіберіп, 2014 жылғы УЕФА кубогы үшін күресін тоқтатты.
«Тұлпар» шағын футбол клубы Чехия мен Латвияда өткізілген, абыройлы еуропалық турнирге қатысып, Еременко Кубогының «төрттік финалына» шығып, өз жанкүйерлерін қуантуын жалғастыруда. Әдетте біздің шағын футбол клубы 2013 жылғы УЕФА Кубогының жеңімпазы, Еуропаның ең мықты командаларының бірі алматылық «Қайратқа» ғана жол беріп Қаазқстанда екінші орыннан табылады.
Біз Қазақстанда алғаш ерт велоспорттан Азия чемпионатын ұйымдастырдық. 34-ші чемпионат біздің облысымызда өтті. Тас жолдағы жарыстарға құрылықтың 29 елінің ең таңдаулы велошабандоздары қатысты. Турнирге қатысқан және жарыстардың өтуіне бақылау жасаған велосипедшілердің халықаралық одағының басшысы Брайан Куксон турнирдің өткізілуіне жоғары баға берді.

Бұқаралық спорт

Бұқаралық спортты дамыту және дене шынықтыру мен спортпен айналысатын халықтың қамтылуын арттыру бойынша Елбасының тапсырмаларын орындау мақсатында Басқарма барлық жастардағы тұрғындарға және халықтың әлеуметтік топтарына арналып өткізілетін дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шаралары  мөлшерін арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
2014 жылы дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын халықтың үлесі 28,2% құрады (жоспар – 28,1%). Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 0,3% артық (республикалық көрсеткіш – 23,2%). Аталған бағыт бойынша үшінші жыл қатарынан облыс 1 орынды иеленуде.
Жыл басынан бері облыста 2 985 спорттық-бұқаралық ісшара өткізілген, оларға 300 мыңнан астам адам қатысқан. Олардың ішінде 34 мыңнан астам адам қатысқан 9 облыстық спартакиада бар.
Дене шынықтыру және спортты дамыту мақсатында халық пен жастарға қызықты жаңа жобалар енгізілуде.
Оқушылар каникулы барысында «Чемпиондармен жаз» атты көшелік шеберлік сыныптары жобасы өзінің жұмысын жалғастыруда, онда атақты спортшылар облыстың қалалары мен аудандарының спорт алаңдарында спорт мектептерінің жаттықтырушыларымен бірге өз спорт түрлерінің қыр-сырына үйретіп, ашық жаттығулар жүргізді. Жобаға 7 мыңнан астам адам қатысты.
Қарағандылықтар бұқаралық спорттық іс-шараларға белсенді қатысады. Мәселен, Қарағанды қаласының «Қарағанды-Арена» Мұз Айдының алаңында «Спорт күнін» мерекелеу күні республикалық жаттығу, сондай-ақ облыс спортшыларының көрсетілімдік жаттығуларын қамтыған спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.

Ұлттық спорт түрлерінің дамуы

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің жүлдесіне арналған «Қазақстан Барысы» Республикалық турнирі Ұлттық спорт түрлері бойынша ауқымды жобалардың бірі болып табылады жұмыс жандандырылды. 2014 жылғы осы турнирдің күміс жүлдесін бізідің палуанымыз Асылхан Барменов жеңіп алды.
Тамыз айында Тараз қаласында Қазақстан Республикасының Екінші аулдық жасөспірімдер ойындары өтті. Ондағы жарыстарда Қарағанды облысының асық ату командасы 2 орынға иеленді.
Қыркүйек айында еліміздің 14 облысынан, Астана және Алматы қалаларынан 80 шабандоз қатысқан «Алтын тұлпар» аламан бәйгіден (43 км) республикалық турнир өтті. Жарыс қорытындылары бойынша Шет ауданының өкілі Думан Амангелді алтын жүлденің иегері атанса, Абай ауданының шабандозу Ерекбұлан Ермағамбетов қола жүлдені жеңіп алды.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар спорты

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қамту индикаторы Басқарманың жұмыс көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Облыстағы мүгедектердің саны – 54 876, олардың ішінде қалалар мен аудандарда 2 481 адам спортпен шұғылданады. Спорттың 16 түрі дамуда. ҚР Ұлттық құрамасына 56 спортшы кіреді (2013 жылы – 37 адам).
Ағымдағы жылдың шілде айында мүгедек спортшыларлың арасында Қарағанды облысы әкімінің жүлдесі үшін І-ші облыстық спартакиада өткізілді. Спартакиадаға барлығы Қарағанды облысының 14 қалалары мен аудандарынан 170 мүмкіндігі шектеулі адам қатысты. Юұл турнир енді жыл сайын өткізілетін болады.
Мүмкіндігі шектеулі үздік спортшыларды қолдау мақсатында Оксана Митякова мен Руфат Хабибулин облыс әкімінің стипендиаттары атанды.
Паразиялық ойындарда Қарағанды облысының спортшылары 2 алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды.

Спорттық инфрақұрылымның дамуы

Облыста спорт инфрақұрылымы қарқынды дамуда. Есептік кезеңде спорт ғимараттары мен нысандарының саны 67 бірлікке көбейді және 2 766 бірлікті құрады, олардың ішінде ауылдық аймақтарда 1 053 бірлікті құрайды. 2014 жылдың басынан облыста 39 көпфункционалды хоккей корттары және 19 жасанды жабулармен спорт алаңдары пайдалануға берілді.
4 ДСК құрылысы айақталған (Балқаш қаласында, Ақтоғай, Нұра және Осакаров аудандарында). Облыстағы спорттық инфрақұрылымның дамуына шағын және орта бизнестің өкілдері белсенді түрде атсалысуда, 2014 жылы олардың есебінен «Баскет Холл» спорттық-сауықтыру кешені, Елбасы кіріп шыққан «World Class» фитнес клубы және Майқұдық пен «Гүлдер-2» ықшам аудандарында «Aerofit Club» спорттық-сауықтыру кешендері салынып, пайдалануға берілді.

***
Дене шынықтыру және спорт басқармасы жылдық қорытынды көрсеткіштеріне сәйкес спорт саласының алдына қойылған тапсырмаларды табысты орындады. Дене шынықтыру және спорт қазақстандықтардың күнделікті қажеттілігі және бос уақыттарын белсенді өткізулерінің негізі болып табылады, өйткені, спорт бізге болашақта өте қажет болатын белсенді, әлеуметтік-орнықты тұлғаны тәрбиелейді.

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика